ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда және қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарда орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде 219 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылған.
Осы орайда «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт Өскемен қаласының шет аймақтарында орналасқан ауылдар мен Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде ашылған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг жүргізудегі басты мақсат тұрғындардың арнайы ашылған бұрыштарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ешкімнің көмегінсіз санаулы минуттарда жылдам, сапалы алуына жағдай жасау болып табылады.
«Бұл жерде тұрғындар үшін электронды қызметтерді қала, аудандардағы халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ жергілікті ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы жылдам алуына мүмкіндік жасалған. Жобалық кеңсе тарапынан біз үнемі қадағалау жасап тұрамыз», - дейді «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт.
Әкімдік қызметкерінің сөзіне сүйенсек ауылдағы азаматтардың басым көпшілігі жылжымайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, зейнетақылардың аударымы туралы анықтама, балабақшаға кезекке қою және т.б. мемлекеттік қызметтер түрлерін алады.
Жобалық кеңсе жетекшісі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарындағы компьютерлік құрылғыларға қосылған интернет жылдамдықтарын тексерді. Сондай-ақ тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
[xfvalue_img]