ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БЕРІЛЕТІН ТЕГІН ТАМАҚҚА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт пен «Өскемен – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі С. Қайсарбеков республикалық «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала орталығы, №1 қалалық емхана және Шығыс Қазақстан Облыстық ауруханасына барды.
Бүгінгі күні емханалардағы перзентхана мен хирургия, кардиохирургия бөліміндегі пациенттерге 3 уақыт, ал COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар мен дәрігерлерге 4 уақыт тамақ беріледі. Әр уақытта әзірленген тамақтар ең бірінші кезекте сынама тексерістен өтеді. Нәтижесінде дұрыс, әрі сапалы өнімдерден дайындалған тағамдар тұтынуға ұсынылады. Осы мақсатта жобалық кеңсе жетекшісі М. Бахыт аурухана басшыларымен және емделіп жатқан пациенттермен әлеуметтік қашықтықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отыра, тікелей кездесіп, ас мәзірі мен қолданылатын өнім сапаларына және оған бөлінетін қаржының тиімді игеру барысына қоғамдық мониторинг жүргізді.
Аталған мәселе жобалық кеңсенің басты назарында болып, қолданылатын өнімдер мен игерілетін қаржыларға мониторинг жұмыстары күшейтілетін болады.
Айта кетейік, бұл қоғамдық мониторинг жұмыстарын Шығыс өңіріндегі барлық қала-аудандардағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жалғастыруда.
[xfvalue_img]