ШҚО-ҒА ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
28 тамыз күні ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Түркия, Германия мемлекеттерінен және Қытай Халық республикасы мен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласынан гуманитарлық көмек ретінде вирусқа қарсы препараттар мен медициналық құралдар жеткізілді.
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д. Кенжеғазин аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдерімен бірлесіп гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалану тәуекелін болдырмау үшін, барлық келіп түскен дәрі-дәрмектер мен бұйымдарға «Гуманитарлық көмек – ТЕГІН» арнайы мөртаңбасымен таңбалау жұмыстарын жүргізді.
Аймақтық департамент пен жобалық кеңсе қызметкерлері елге келіп түсетін барлық гуманитарлық көмекті бөлуде ашық бақылау процесін жолға қойған және осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.
[xfvalue_img]