ШҚО-да бюджеттік қаражатты тиімді пайдаланады
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі а.ж. ақпан айынан бастап "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алу бағасын көтеру мәніне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингілеу жұмысын бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз жұмысында алдын алу құрамасына баса назар аударады, яғни жоғарыда көрсетілген жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоспарлау кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар басталғаннан бері, өңірде қысқа мерзім аралығына қарамастан жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің бірқатар жағдайлары анықталды. Тиісінше, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарланған бағаларды қайта қарау қажеттілігі туралы ұсыным хаттар жіберілді. Осы жұмыстың нәтижесінде сәуір айында 93 млн. теңге үнемделді. Жалпы, 2020 жылдың ақпан айынан бастап қайта қарау нәтижелері бойынша үнемдеу сомасы 130 млн.теңгеден астам бюджет қаражатын құрады, олар бюджетке қайтарылды немесе өзге де сатып алулар жүргізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
ШҚО бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
18 пікір