«COVID-19» індетімен күрес нәтижелі ме!?

   Сыншы ой керек!                                                                                             

 М.Әуезов. «Абай жолы»

Осы жыл басынан бүкіл әлемді дүрліктіріп, сол кезден миллиардтаған жұрттың қабырғасын қайыстырып, Қытайдан тараған кесепаты шексіз Ухань коронавирусы жаулап алып, Жер шары халықтарын орасан зардапқа салып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағына кіретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткен жылы желтоқсанда бұл індетке ресми түрде «COVID-19» деген атау берген. Бүгінгі таңда одан әлем халықтарының 20 миллионнан астам адам зардап шегіп, ащы өкінішке орай, 700 мыңнан аса адамдар көз жұмып, қаратүнек келмес сапарға аттанған. Жан түршігерлік ғаламат әлемдік опат. Оған қоса бұл індет әлем халықтарының көпшілігін үрейге душар етіп, барлық дерлік мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтыруы ықтимал. Дүниежүзі тірі пенделері бәрі де бір қайықтың ішінде, бір тағдырдың құрсауында екенін енді түсінгендей болды. Ал бүкіл адамзат алаңдайтын және оған сай қамданатын бір жайт, ғалымдардың болжамы бойынша коронавирустың екінші екпінді соққысы күзде қайталанып, тіпті алдағы үш жыл бойы ойран салады екен. Осыларды еске ала, бүгінде ДДСҰ «COVID-19»-бен күресу  «төтенше жағдайын» тағы 3 айға созды.                Ал, өз Елмізде осы аса қауіпті кірме індетке байланысты қабырғамызды қайыстырып отырған жайт, өкінішке орай, сырқаттанған жерлестеріміздің саны Қытайдағы ауыруға шалдыққандардың санынан(87 мың) асып түсіп, 100 мыңдай адамды құрап отыр. 800 ден аса адам бақилық болды. Кейсті дерек. Сондықтан да,  көзімізге оттай басылып келе жатқан қателіктер мен кемістіктері қалай болдырмау туралы ортақ ой салып, ұсыныс жасауды жөн көріп отырмыз. Кезінде, бұрынғы Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов бұл індетпен ауыратын қазақстандықтардың саны 3,5 мыңнан аспайтынын ресми түрде жария еткен болатын. Бұған мен сенімсіздікпен қарауыма негізім мол еді. Жасымыздан Ұлы Абайдың өлеңдерін жаттап, қара сөздеріне қанығып өстік. Бұнымен қоса, санамыз жетіле келе бойымызға адам табиғаты мен қоғамдағы құбылыстарға сыни көзбен қарау сипаты қалыптасты. Осыған үлкен себеп ретнде, көзі қырағы ойшыл Бас ақынымыздың мына шумақтары болатын: «Атымды адам қойған соң,/Қайтіп надан болайын?/Халқым надан болған соң,/Қайда барып оңайын?!». Анық та қанық ойлар. Абыз ақынның көрегендігіне де куә болып жүрміз. Қазақтың адал ұлы бола тұра, дана ақынның осы жегідей жеген оймен саналы өмірін сарп еткізгені анық. Сол заманнан бір ғасырдан аса уақыт өтті. Жалпақ жұрт етек-жеңін жинап, мәдениетке бет алып, өзгерді ме? Өзгерді. Бірақ надандықтың сарқыншақтары әлі де белең алып жүр.  Шетел қонақтары мен еліміздің журналистерінің бұхаралық ақпарат құралдары дереккөздерінде  қоғамның бірсыпыра мүшелерінің, әсіресе жастардың,  жалпы мәдениеті төмен екені аталып келді(Еуропа мамандарының бақылағаны бойынша, жастар карантин талаптарын орындамайтын топтар қатарында бола, коронавирусты мейлінше көп таратып жүр екен). Жалпы алғанда, өз басым, ерте кезден намысқа тиіп жүрген қоғами теріс, келеңсіз құбылыстар көзіме жиі іліккендіктен, 5 жыл бұрын «Этико-правовые нормы и культура поведения»(орысша жазылғаны, өздеріңізге белгілі, қазақша оқитын жастар ілуде-шалу ғана) атты кітапты жазып, шектеулі өз қаражатыма шығаруға мәжбүр болдым. Әрине, данасы аз. Бұл кітапта қоғам мүшелерінің құқықтық санасын, жалпы мәдениетін көтеру мәселелері мен қоса әркімнің өзін-өзі қоғами ортада жағымды ұстау мәдениетін жетілдіруге үлкен көңіл бөлінген. Сонымен қоса, қазіргі елімізде өзекті болып, өршіп тұрған коронавирус қоздыратын ауруға  сипаттас келетін, тұмау мен басқа да қауіпті инфекциялардан сақтану жолдары жазылған. Кітаптің сөзсіз әлеуметтік маңызы болғандықтан, біразын беделді деген депутаттарға сыйлап, халыққа кең тарату мақсатында, мемлект тарапынан көп тиражбен шығаруға ықпал жасауларын өтіндім. Көмек болмады. Бұл кітаптың нұсқасы 3 жылдан аса Қазақстан Республикасы Мәдениет және спот министрлігінің баспа бөлімінде қозғалыссыз жатыр. Ал, қазіргі кесепаттан қорғану үшін халыққа не жетіспейді? Аталған кітапта әр азаматтың өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру мен әр қоғам мүшесінің әр азамат алдындағы жауапершілігі жазылған. Қоғамда осылар олқы болып келеді. Қауіпті індеттің Елімізде кең етек алуының басты себетерінің  бір осы. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетер болсақ, Түрік мемлекетін жетілдіру мақсатында атақты да ардақты реформатор Мұстафа Кемал-Ататүрік  пен  Ресейді ұлы держава қатарына қосуға орасан зор еңбек еткен Петр 1-ші, әуелі өз елдерінде көпшілікке ортақ жалпы мәдениетті жедел де қауырт көтеруден бастаған. Сондықтан да болар белгілі ғалым Сергей Капица: «Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз» - дегені артық айтқан талап еместігіне көзіміз жетіп отыр. Ал ағылшын саясаткері, Нобель сыйлығының иегері Уинстон Черчилль: «Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек» деген екен. Аталы да өнегелі сөздер!  Тек басшылыққа алу керек!         

Шындықты айтар болсақ, Елімізде жалпыға бірдей зардаптың кең етек алуына жол берілген  себептер көп, соларға назар аударайық. Бастылары, азаматтардың құқықтық саналары, өзін-өзі ұстау мәдениеті төмен дәрежеде болғандықтан  бейқамдық пен салғырттық басым болып келеді. Мемлекет қойған талаптар ойдағыдай орндалмады.  Жұрттың көпшілігінің түсінігі бойынша, коронавирус олардың көздерінің ұшына ауада ұшып жүрген шыбындай ілікпеген соң, аспаннан қара түнек бұлттай  төніп, бастрына жаңбыр тамшыларындай шашырамағаннан кейін, «басқа келер қауіп жоқ» деген теріс те қауіпті көзқараспен бейқам жүргендеріне куә болып келеміз. Бірқатар жерлестеріміз тіпті коронавирустың қауіпін  мойындамай, «бәрі жалған ақпарат» деген ойда болып келеді. Кейбір азаматтардың,  «коронавирустан қауіп бар-ау, медициналық бетперде(маска) тағып жүрейік» дегендердің де басым көпшілігі қауым басы мол топтасатын дүкендерде, базарларда, автобустарда және басқа қоғами орындарда оларды тек иектеріне не ауыздарына түсіріп тағып алған. Дүкендер мен супермаркеттердің қызметшілерінің көбісі тіпті бетпердесіз оңды-солды жөңкіліп жүр. Бұл үлкен қателік. Табиғатына сай  адам үздіксіз дем алуға мәжбүр, сондықтан коронавирус  оның танауының (тыныс алу жүйесі арқылы) ішінен бастап, тіпті көзддерден де адам ағзасына дендейтінін ғалымдар айтып келеді.  Ал тыныс жүйесін бетпердемен жапқандардың ішінде, оның жоғарғы жағындағы сымды мұрнның қырына қисындастрып, қысынқырап, қапсырып ұстатуға көбіне мән бермейді(тіпті үлгі тұтар теледидардағы тұлғаларға көңіл бөлсеңіз де, осындай мысалдардға көзіңіз жетеді). Пайдалысы, бетперденің шеттерінде ешқандай саңылау болмауы тиіс. Бірақ, бұған кінәлі жеке азаматтардың өздерімен қоса, бетперде өндірішілерін де атауға болады.Абзалы, өндірушілер бетті(көздермен қоса) түгел жауып тұратын бетперде шығарғаны жөн болар еді.  Өндірушілерге тағы бір талап, балаларға арналған бетперде неге шығарылмайды? Балалардың бетперде киіп жүргенін көрмедік. Жеткіншектердің денсаулығына неге мән берілмейді, ал бұл аса маңызды емес пе?! Қазіргі жұрттың кең қолданысындағы, алаңдаған пенделер арасы кең тараған медициналық жұқа көгілдір бетперде туралы сөз қозғасақ, айтар сын көп. Осы дәріханаларда сатылатын (кеселді ауыру дендемей тұрғанда бағасы 10 теңге болатын, содан 200 тенгеден асып, кейін аздап төмендеген) бетперденің өндірушісі қандай компания, шетіне тігілетін немесе шетіне басылатын фирмалық таңбасы неге жоқ? Сапасына кім жауапты? Жауапты өндіруші болмаса, ол тұтынушыларға неге миллиондаған данамен сатылады? Сонда, адам өмірі мен денсаулығына кім жауапты? Зерделеп қарасаңыз, бетперденің екі жақ шеттеріндегі тізбектелген тесіктерден кішігірім шыбын отіп кететіндей? Сонда, көзге ілікпейтін вирустар адам ағзасына миллиондап еніп кетпей ме? Сонымен, вирустардың жолын кесіп, ешқандайда саңылауға жол бермес үшін бетперделердің шеттеріне неге желім жағылмаған? Мамандардың айтуынша бұл бетперденің адам ағзасын қорғаудағы қауқары  75-80% екен. Тіпті кейбір деректерде 30%-ғана. Бірақ, бетперде пайдалану - жоқтан жақсы. Бетперде пайдалану ережелерінде, оны 2-3 сағат пайдалану керек делінген. Нақтылық неге жоқ? Пайдалану мерзімі 2 сағат па, 3 сағат па? Естір құлаққа қашанда нақтылық нанымды. Қазір көңіл аударар бір мәселе: Пайдаланған бетперделердің көше бойы, көпқабатты үйлердің кіреберісінде немесе тағысын тағы алаңдарда шашылып жатқаны алаңдатады. Олар залалды екені түсінікті. Пайдаланылған бетперделерді залалсыздандыру мақсатында қолданылатын қапшықтар неге дәріханаларда бірге берілмейді? Онымен қоса, көше бойы және қоқыс контейнерлерінің жанына арнайы бүйірінде «Пайдаланған бетперде үшін» деп жазылған контейнерлер қойылуы керек. Сонда бетперделерді залалсыздандыру процесі талаптарға сай болар еді. Әйтпесе, індет созылып, қайталана беретіні түсінікті.

Халық көп шоғырланатын дүкендер, супермаркеттер мен басқа да орталықтарда адам арасы 2 метрлік әлеуметтік дистанция  сақталмайды. Мамандардың талабы бойынша адамдар арасы тіпті 4 метрлік арақашықық болуы керек екен. Дүкеннің кассасына кезекте тұрғандардың көбісі бір-бірінің желкелеріне төніп тұрып, вирус аралас дем жіберетіндері анық. Ескертуіңді ешкім ұнатпайды, тұрған орнынан қозғалмайды.

Онымен қоса, әуел бастан індетпен белсенді күрес төмен дәрежеде атқарылып, санитарлық нормаларды орындауту мақсатында қоғам мүшелері үстінен қадағаланатын жан-жақты қатаң бақылау қолға алынбады. Карантин талаптарын бұзған азаматтарға айыппұл салынбады, ал салынған болса да, теледидар арқылы, мысал ретінде, оны кең көлемде және ашық көресетіліп отырылмады. Осындай және басқа да себептердің салдарынан азаматтардың көбісі  салақсып кетті. Өте көңіл бөлетін жайт, халық көп баратын азық-түлік дүкендер, базарлар мен супермаркеттерде қатаң тәртіп орнату керек еді. Бақылау пәрменді де қатал болуы шарт. Волонтерлер жылы олардың да жеткілікті белсенділік көрсеткендерін байқамадық. Өкінішке орай, талай абзал ұл-қыздарымыздан, қадір-қасиеті мол ардақты ағаларымыз бен апайларымыздан айырылып жатырмыз. 

Теледидар маңдайларынан түспейтін «Жақыныңа жанашыр бол!»(«Береги ближнего!») деген телеайдарға базнамыз бар. Өйткені, қашанда санасы толық кімде-кім жақынына жанашыр болары анық. Бұндай үгіттің жөні жоқ. Ал аталған індет бүкіл Қазқстанға, бүкіл Жер шарына жайылып отыр. Сондықтан күнделікті телеайдар мынадай болу керек деген ұсыныс: «Әр пендеге жанашыр бол»(«Береги каждого!»). Осыған орай, қазақтың ықылым заманнан қанына сіңіп, қалыптасқан дәстүрі, жақынының жанында қуаныш пен күйініште бірге болу. Әрине бұл дұрыс. Бірақ, аталған жағдайда, коронавирусты жеңбей тойларды, әрқилы бас қосу шараларын күрт тежеу; бодырмау - еріксіз қажеттілік. «Жақынға жанашыр болу» деп осыны айту керек. Ұлы жазушы Мұхар Әуезовтың «Абай жолы» романында Сармолла: «Сақтаныңыздар!Бұл оба(коронавирусқа ұқсас зардабы орасан зор пандемия-Н.С.) індеті деген қазадан ауыр дерттен тек қана сақтанумен аман қалуға болады. ...Сақтану үшін не ғилаж? Қаза болған адам үйіне, жаназаға мүмкін қадірынша халық аз жиналсын. Мәйт шыққан үйге көп адам келіп, кету болмасын. Ол үйде ас ішу, көп халыққа тағам тапсыру, жетісін, қырқын жасау уақытша тоқтатылсын! ...Көп молла, шәкірт, мәзін, карилер бұдан былай осы махаллада барлық ауырып өлген адамдардың қаптап барып, басқа үйлерге және қаптап жүрулерін тоқтатсын. Олар, қазір байқалғандай, бірден өздері ауырады. Білесіздер, Жұман молла, Сахиф халфе, Амантай шәкірт, тағы көп сондай жандар жақында дін ұстаздары арасынан да обадан қаза болды.Көп моллалар осы оба ауруын, осы зарлы хастені ықтиярсыз таратушылар болды.Олар халқының халін, қамын ойласын!Жаны ашысын, махалла халқына! ...Слободка халқына осы мәслихатты айтушы қазақ халқының қамқор дос адамдары. Солардың ішінде, халайық, сіздің ең жақын қамқорыңыз және білгіш, ақын досыңыз Абай деп біліңіз! Сол кісі де сіздерге осылайша, мен айтқандай сақтануды мәслихат етеді. ...Сақтаныңыз, сақтан, халайық!-деді»(роман-эпопеяның екінші кітабі, Алматы, «Жазушы», 1990, 312-313 беттер).   

Қазақстанда коронавирус дендеген шақтан бері дәрі-дәрмектер мен жалпақ халық тұтынып отырған, әуелде арзан-қолды болатын, басты азық-түлік түрлерінің бағасы шырқап кетті. Бұл Алла тағала құптар іс емес. Халық жаппай қиын-қыстау кезеңді кешіп отырғанда, бастары қасретке душар болып, жандары қаймыққан уақытта, құлқынқұмар безбіреулер өз бас пайдасы мен қалтасының қамын ғана ойлауы, ел қасыретінен байуды мақсат еткендері - адамгершілік пен имандылыққа жатпайтыны хақ.  Құранда мейірімділік пен әділеттілік құпталады, Алланың қолдауын табатын ілім мен іс болып саналады. Сатушыларға осыны ойларында сақтап, халыққа қамқорлықтарын шынайы іспен дәлелдеуі абзал.

Тағы бір жағымсыз жайт, супермаркеттер, дүкендер, кезінде автобустар мен медицина орталықтарының есіктерінде тек орыс тілінде: «Вход без маски запрещен», ал дәріханалардың алдында оған қоса: «Входить строго по одному» деп жазылған. Сонда, Қазақстан халықының 70%-ын құрап отырған 12 миллионнан асқан Елдің байырғы тұрғындарының құқығы, қазақ халқының тілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабының («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі») және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының талаптары аяққа баслғаны ма?! Ал, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев: «Ұлттық қауіпсіздік тілімізді қадірлеумен басталады» деген сөздеріне жіті  мән берілмеген бе?! Мен өз тарапымнан осы мәселеге прокуратура органдары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің өздеріне жүктелген функцияларын іске асыруын өтінемін.

 Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-публицист

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.