ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ АЛЫПСАТАРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ АЛЫПСАТАРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

Дәрі-дәрмектерді алып-сатарлық жағдайларын жою мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері, арнайы мониторингтік топтар, сондай-ақ азаматтық белсенділерінен жұмыс топтары құрылды.

Аталған жұмыс топтары әлеуметтік желілерге және сайттарға тапшы дәрілік заттарды сату және бағаны көтеру бойынша хабарламаларға, ауруханаларда халық үшін жасалған жағдайларға қоғамдық мониторинг жүргізуде, сондай-ақ дәрі-дәрмекті сақтау және сату орындарына мониторинг жүргізуде.

Халықпен кері байланыс орнату үшін 8 702 000 2494 WhatsApp нөмері жұмыс істейді. Оған дәрілік заттардың бағасын көтеру фактілері бойынша азаматтардаң 4500-ден астам өтініштері келіп түскен.

Жұмыс топтары 1555 дәріханаларға, 102 дәрі қоймаларына, 103 аурухана мен емханаға барды.

Нәтижесінде 200-ге жуық бұзушылық анықталды.

Негізгі бұзушылықтардың бірі - дәрілік заттардың бағасын көтеру.

Денсаулық сақтау министрлігі жылына екі рет дәрілердің шекті сату бағаларын бекітеді. Дәріні шекті бағадан асырып сату бұзушылық болып табылады.

Жақында жыл соңына дейін әрекет ететін дәрі-дәрмектің жаңа шекті бағасы бекітілді (2020 жылғы 11 шілдедегі № ҚР ДСМ-82/2020 бұйрығымен).

Азаматтар олармен dari.kz. мобильді қосымшасының көмегімен таныса алады. Кез келген азамат бағаны көтеру фактісін анықтаған жағдайда, сол қосымша арқылы шағым жібере алады.

Дәрінің бағасын белгіленген шекті бағасынан асырып сатқаны үшін 70 айлық есептік көрсеткіш немесе 194 460 тг. айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

Өкінішке орай, мониторинг барысында барлық өңірлерде осындай фактілер анықталды.

Мәселен, елордалық дәріханаларда Амлодимед және ЦЕФ-3 препаратының бағасы үштен бірге асырылып сатылған.

Ақтөбе, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында сұранысқа ие препараттардың бағасы шекті құнынан 2 еседен астам жоғары.

Анықталған бұзушылықтар бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша 21 әкімшілік хаттама толтырылып, барлық тәртіп бұзушылар айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметі бойынша бүкіл ел бойынша
65 хаттама түзілген.

Анықталған келесі бұзушылық – ол дәрі-дәрмектерді арнайы мамандандырылған орын-жай мен дәріханалардан тыс жерлерде сату.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дәрі-дәрмектерді тек дәріхана қоймаларында және дәріханаларда сатуға болады (Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 713 бұйрығы).

Осы талапты бұзғандарға 194 460 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Оған қарамастан, Жамбыл облысында дәріханаларда тапшы болып отырған Парацетамол және тағыда басқа антибиотиктер базарларда тиісті рұқсатсыз сатылған.

Осы өңірде облыс орталығының тұрғыны ЦЕФ-3 препаратының 30 ампуласын көшеде, ал екіншісі «Аспиринды» дүкенде сатқан.

Шығыс Қазақстан облысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды интернет арқылы арнайы рұқсатсыз сату фактісі анықталды.

Азаматтардың мамандандырылбаған орын-жайда дәрілік заттарды жоғары құнмен сату фактісі Қостанай, Павлодар облыстарында да тіркелген.

Барлық дәрі-дәрмектер тәркіленіп, құқықбұзушыларға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 424-бабы бойынша 3 әкімшілік іс қозғалды (Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет).

Келесі анықталған бұзушылық дәріханалардың рұқсатсыз жұмыс істеуі.

Мұндай жағдайлар Нұр-сұлтан қаласында, Түркістан және Маңғыстау облыстарында анықталды.

Нәтижесінде Түркістан облысындағы дәріхана жабылды, ал қалған фактілер бойынша материалдар Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменттеріне жолданды.

Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексімен 2,7 млн теңгеге дейін айыппұл қарастырылған (1000 АЕК).

Егер бұзушылық қайта орын алса, фармацевтикалық қызметке арналған арнайы рұқсаттың қолданысы алты айға дейін тоқтатылады.

Бүгінгі күні барлық өңірлерде медициналық техниканы, оның ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлық жағдайларына тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мұндай белгілер бірнеше аймақта анықталған.

Мәселен, Қызылорда облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2 орынбасарына қатысты әрқайсысын 17,4 миллион теңгеден 10 өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аппараттар «СК-Фармация» ұсынған бағадан 3 есе жоғары бағаға сатып алынған.

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық аурухананың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар медициналық техниканы жеткізу туралы шартты серіктестікпен жасап, 181 872 000 теңге көлеміндегі қаражатты жымқыруға оқталу бойынша күдіктелуде.

Жасанды жетіспеушілікке жағдай туғызатын жеке жеткізушілердің қоймаларында сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің үлкен көлемде болу фактілері анықталды.

Мәселен, Қарағанды облысында қоймаларда сатылмаған дәрі-дәрмектердің (парацетамол, аспирин) 600 мың қаптамасы анықталды. Мониторинг қорытындысымен олар жедел дәріханаларға жеткізілді.

Шымкентте жеке жеткізушілердің қоймаларында бір аптадан астам сертификатты күткен сұрансықа ие препараттар анықталған (цефозалин, эуфилин, аналгин, парацетамол).

Медициналық препараттар мен бұйымдарды ұрлауға және қайта сатуға жол бермеу мақсатында COVID-19-ке қарсы күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті бөлу процесі жұртшылықты тарта отырып, бақылауға алынды.

Агенттік қызметкерлері гуманитарлық көмекті сүйемелдеу барысында денсаулық сақтау басқармаларының және медициналық мекемелердің қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қаптамаларда «Гуманитарлық көмек – тегін» деген мөрі қойылады, бұл тауарды мақсатсыз пайдалану тәуекелдерін төмендетеді.

Қазіргі уақытта Катар, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген гуманитарлық жүктің жеткузілуі сүйемелденді. Бүгінде оларды медициналық мекемелерге дейін тасымалдау жалғасуда және Ресейден, Өзбекстаннан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келген гуманитарлық көмекті сүйемелдеу қамтамасыз етілуде.

Бүгінде Германия және Түркиядан гуманитарлық көмек келгені белгілі. Қазір қайта есептеу аяқталған соң оларды әрі қарай аймақтарға жолданатын болады.

Агенттік «СҚ-Фармацияға» пандемиямен күрес кезеңінде әрбір өңірге бөлінген тізбелер мен көлемдерді көрсете отырып, барлық алынған гуманитарлық көмек бойынша ашық ақпаратты орналастыруды ұсынды. Қазір ол іске асыру сатысында.

***** 

Таға да айта кететін мәселе, қалыптасқан жағдайда Агенттік қоғам өкілдерімен бірге мәйітті мәйітханадан алу, жерлеу қызметтерін көрсету және зираттарда орындарды бөлу жағдайларына мониторинг жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамның осы жұмысқа тартылуы маңызды.

Қоғамдық бақылау институтын енгізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес, тиісті заңнамалық реттеуді де талап етеді.

Осыған байланысты, Агенттік уәкілетті органдармен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықты жою құралдарының бірі ретінде қоғамдық бақылау институтын заңнамалық бекіту мәселесін пысықтауда.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.