ШҚО-да 79 түлектің ҰБТ-дегі нәтижелері жойылды

ШҚО-да 79 түлектің ҰБТ-дегі нәтижелері жойылды

Шығыс Қазақстан облысында ҰБТ өткен 10 күннің ішінде 79 түлек ережені бұзғаны үшін кіре берістегі тексеруден кейін және аудиториядан шығарылды. Бұл туралы "ANTIKOR.LIVE" жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин мәлімдеді.

Ағымдағы жылы тестілеуді өткізу кезінде бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет белсенді қатысты. Тест тапсырудың ашықтығын, айқындылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс топтары құрылды, оның құрамына арнайы мониторингтік топтардың, "Шығыс - Адал алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері кірді. Бақылаушылардың негізгі мақсаты – тестілеуді тапсырудың адалдығына мониторинг жүргізу, ал қандай да бір бұзушылықтар анықталған жағдайда олар бұл туралы жауапты тұлғаларға хабарлады.

"Біз барлық талапкерлерді тек өз біліміне сенуге шақырдық. Қандай да бір тыйым салынған заттарды – шпаргалкаларды, телефондарды қолданғандардың барлығы анықталды және олардың нәтижелері жойылды. Адал емес жолмен тапсырған түлектердің нәтижелері 25 тамызға дейін жойылуы мүмкін. Сондай-ақ, қазір әлеуметтік желілерде белгілі бір адамдар ақша үшін тестілеуге көмек көрсете алады деген ақпарат бар. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан аталған тұлғалар алаяқтар болып табылатындығы туралы ақпараттандырамыз. Егер сіз қандай да бір лауазымды тұлғалардың немесе жауапты қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі бойынша біздің бірыңғай Колл-орталығымызға қоңырау шалуыңызды сұраймыз", - деп атап өтті ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Комиссия мүшелерінің, Департамент қызметкерлерінің белгіленген ережелерді сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, талапкерлер шпаргалка, ұялы телефон, смарт сағаттарды барынша пайдалануға тырысты. Сондықтан оқытушылар мектеп қабырғасынан бастап, ата-аналар мен бүкіл қоғам өсіп келе жатқан ұрпақпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық принциптерін насихаттау бойынша тұрақты түрде жұмыс істеуі қажет. Тек осылай ғана біз өз ісінің мамандарын оқытып, тәрбиелей аламыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.