АУРУХАНАЛАРДА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫМЕН МӘСЕЛЕ ЖОҚ
Маңғыстау облысының медициналық мекемелерінде тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігі орын алған жоқ.
Қазіргі уақытта барлығы 92 ӨЖЖ аппараты бар. NCOC компаниясы демеушілік танытып,
медициналық мекеме тағы 10 аппаратқа толықты. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ да дәл осындай 20 аппаратқа қолдау көрсетті. Сондай-ақ "Қаражанбасмұнай" АҚ компаниясы да 20 дана ӨЖЖ аппаратын береді деп күтілуде. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы үкіметтік резерв қаражаты есебінен, яғни республикалық бюджеттен қосымша 40 ӨЖЖ аппаратын сатып алады. Осылайша, бүгінгі күні аймақта ӨЖЖ аппараттарының жетіспеушілігі мәселесі жоқ. ӨЖЖ аппараттарының жалпы санын қосқанда 122. Егер қосымша 60 ӨЖЖ аппаратын сатып алу мәселесі шешілетін болса, жалпы саны 182 құрайды. Сонымен қатар Маңғыстау облысының әкімдігінде өтінім мақұлданып, бір ай ішінде өңірдің медициналық мекемелеріне оттегі концертраттары келіп түседі деп күтілуде.
[xfvalue_img]