Аграрлық ғылым  - аграрлық саланың қозғаушы күші!

Аграрлық ғылым - аграрлық саланың қозғаушы күші!

 

Бірақ, өкінішке орай, біздің кейбір қаладан шыққан  фермерлеріміз аймақтық егіншілік жүйені ескере бермейді. Олар мұхиттың арғы жағынан әр түрлі сарапшыларды алып келіп, егін егудің қалыптасқан мерзімін және біздің жағдайымызға бейімделген агротехнологияларды өзгертумен әлек.

Биылғы егін науқанының алдында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғалымдары Қазақстанның негізгі астық өндіретін облыстары үшін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу бойынша нақты ұсыныстарын әзірледі.

Біз соңғы 23 жылда осы облыстарда жауын-шашынның басым мөлшері жылдардың 24% – маусымда, 48% – шілдеде, 13% – тамыз айында байқалғанын есептедік. Сондықтан, шілдедегі ең жоғарғы ылғалдылықты ескере отырып, Қазақстанның солтүстігінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясы мамырдың ортасынан-соңына дейінгі қолайлы мерзімге үйлестірілген.

Әрине, егер бізде дамыған елдердегідей ауа-райының нақты болжамы болса, ғылыми кеңестерімізді де дәлірек айтар едік. Бірақ, өкінішке орай, метеоқызмет жұмысының артта қалуынан астық өндірісінде және жалпы еліміздің ауыл шаруашылығында көп мәселелер шешілмей отыр.

Биылғы жылы топырақтың көктемгі ылғалдылығына қарамастан, маусым айында болған құрғақшылық егістікті күйдіріп жіберді. Бірақ ғалымдар ұсынған мерзімде егілген алқаптарда жақын күндері болаған жауын-шашын жағдайды біраз оңалтады.

Өкінішке орай, осы жылы сәуір айының соңында және мамыр айының басында егін себуге асыққан диқаншылардың өнімдері төмендеу болады, бұл егістіктер құрғақшылыққа ұшырады...

Жалпы, тәуекелді егіншілік жағдайында егін себу мерзімін сәтті таңдау арқылы ғана, астықтың өнімділігін  бірнеше есе көбейтуге  болады. Ал ол миллиардтаған теңге!

Сондықтан, біздің Президентіміз Қ.К.Тоқаев ғылымды қаржыландыруды арттыра отырып, өте дұрыс қадам жасап отыр. Бірақ, аграрлық саланы күшті ғылыми базамен қамтамасыз етумен қатар, бізге фермерлерді оқыту үшін, дамыған елдер үлгісінде білімді таратудың тиімді мемлекеттік жүйесін құру қажет (extension service). Өкінішке орай, мұндай жүйе бізде әлі күнге дейін жоқ.

 

А.Күрішбаев,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.