Жауапты мінез құлық – қорғану жолы
АИТВ- адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін (иммунитет) зақымдайтыны туралы жылдар бойы айтылып та, жазылып жатыр,дегенмен бұл жұқпаның күннен күнге азаймай отырғаны белгілі. Бұған себеп адамдардың шалыс басып кездейсоқ, қорғалмаған әр түрлі жыныстық қатынасқа түсіп, аяғы өкінішті жағдайға душар болуы.
Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын орташа есеппен 200 ге жуық АИТВ жұқпасы жаңадан тіркеледі.Астанамызда соңғы он жылдықта 15-49 жас аралығында жұқпаның жыныстық қатынас арқылы таралу көрсеткіші 3,8 есеге өсті, ал есірткі қолдану арқылы жұқтырғандардың жұғу көрсеткіші 2 есеге төмендеді. (2010-26.2%, 2019-12.,2%)
2019 жылдың қорытындысы бойынша жыныстық қатынас арқылы жұғу көрсеткіші 85.6%, соның ішінде гетеросексуалды жұғу-70,4%, гомосексуалды -15,2%. 15-49 жас аралығындағы таралу деңгейі 90% -ды құрайды.
Вирустың ағзаға берілу жолдарын білетіндер үшін жұқтыру қаупі төмен. АИТВ/ЖИТС-тен қорғану мүлде күрделі емес, бірақ пәрменді ережелерді сақтаудан тұрады:
- кездейсоқ жыныстық қатынасты болдырмау.Толық сенімділік үшін серіктестер екеуі де АИТВ-ға тексерілуі тиіс. Вирусты жұқтыру қаупі жыныстық байланыстардың барлық түрінде болады.
-есірткіні қолданбау.
Есірткіні қолданған кезде тек жеке шприцтер мен құралдарды қолдану әрқашан орындала бермейді, өйткені есірткі әсерімен адам өзін бақыламайды және жұқтыруға итермелейтін іс-әрекеттерге қабілетті (қорғалмаған секс, бір шприцті нашақорлар тобында пайдалану), сондықтан есірткіден толық бас тартуды қолға алған жөн.
-Жыныс жолдары арқылы жұғатын жұқпалардан сақтану.
Мерез (сифилис), соз (гонорея), трихомониаз, урогениталды хламидиоз, кандидоз, ұшық т.б. сияқты жұқпалардың дер кезінде емделмей, созылмалы түріне айналғанда салдары ауыр болуы мүмкін: ерлерді бедеулік пен импотенцияға, әйелдерді бедеулікке, мерзіміне жетпей түсік тастауға және туылған нәрестелердің түрлі патологиясына алып келеді.
ЖЖЖИ жұқтырған адамдарда АИТВ-ны жыныс жолдары арқылы жұқтыру қаупі он есеге көбейеді
-Гомосексуалдық қатынастан сақтану.
Соңғы жылдары ерлер мен ерлер арасындағы анайы жыныстық қатынас арқылы АИТВ жұқпасының саны артуда. Жыныстық қатынастың бұл түрінде тік ішектің жараланып,зақымдануы салдарынан АИТВ-мен жұқпалану қаупі өте жоғары болады.Тік ішектің шырышты қабаты заттарды белсенді сіңіруі салдарынан кез келген ауру қоздырғыш зат,соның ішінде АИТВ жұқпасы қанға тез түседі.
Жыныстық жолмен жұғу қаупі кездейсоқ жыныстық байланыстардың санына пропорционалды.
АИТВ және жыныстық жолмен жұғатын жұқпалардан құтылудың бірден-бір құралы-мүшеқап ,сенің өміріңді жеңілдетіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын адам екеніңді дәлелдейтін,қауіпсіз,сенімді, қарапайым әрі қолжетімді нәрсе.
Сізде АИТҚ-ның бар-жоғын білудің бір ғана жолы күретамырдан қан тапсырып сараптама жасатуға болады. Қанды алмас бұрын және нәтижелерін хабарламас бұрын олар сізге сараптама нәтижелерінің оң және кері нәтижесі жайлы мағлұмат беріп, сұрақтарыңызға жауап береді. АИТВ-ға сараптаманы өз тегіңізді айтып немесе жасырын түрде тегін жасатуыңызға болады. Сараптама нәтижесі медициналық құпия болып есептеледі және оны жария еткені үшін медицина қызметкері заң алдында жауапкершілікте болады. Сіздің сараптамаңыздың қорытындысы сіздің рұқсатыңсыз тұрғылықты жеріңізге, жұмысыңызға немесе оқу орныңызға жария етілмейді. Сондықтан өміріңізде денсаулығыңызға байланысты күдікті оқиғалар болса ертерек тексеріліп, көңіліңізді сейілтуге болады.
Ең бастысы, басты байлығыңыз денсаулығыңыз болғандықтан, дұрыс қорғану жолын таңдағаныңыз абзал!
Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы , І.Есенберлин көшесі 5/1
Достық кабинет ,сенім телефоны: 38-04-64 .
Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тың
алдын алу және оған қарсы күрес орталығы»
МКҚК –ның маманы Ж.Смағұлова
[xfvalue_img]