Денсаулығыңа жауапты бол

Денсаулығыңа жауапты бол

АИТВ/ЖИТС- қасіретті дертінің қашанда жанымызда жүргенін еске салу,  осы дертке шалдығып, өкініш құрбаны болған  адамдардың қателігін қайталамау,оларға көмек қолын созу, жақын адамдарынан аластатпау, түсіністікпен қарау-бұл біздің парызымыз. Айтарымыз, бұл дерттің ұлтқа, жынысқа,жасқа қарамай кез келген адамға сақтанбаған жағдайда ұшырау  қаупі бар екенін ешқашан  ұмытпау. Жұғу, сақтану жолдарын білу және жақын адамдарыңызды сақтандыра білуіңіз,осы аурудың біздерден алыс жүруінің кепілі.

Қазіргі кезде әрқайсымыздың санамызға  үлкен ой салатын  өзекті мәселесі  болып отырған - АИТВ жұқпасының  әлеуметті жауапты  тұрғындардың арасындағы таралуы. Бұдан 10-15 жыл бұрын  жұқпаның есірткіге тәуелді әлсіз топтар арасында кеңінен таралғанын айтсақ , бүгін жағдай мүлдем басқаша.Оған төмендегі мәліметтер куә:

Нұр-Сұлтан  қаласында  2019 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша  өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  жыныстық қатынас арқылы таралу көрсеткіші тағы да 5%-ға  өскен.Өткен жылы 79% болса ,биыл 84%-ға  дейін  көтерілді. Соның ішінде  гомосексуалдық жыныстық қатынас арқылы өткен жылы 12%-ды құраса,биыл 14%-ға дейін өскен.Яғни,есірткі қолданушылар арасында таралуынан 6 есеге көп. Бұған бүгінгі күні   тойтарыс берілмесе, ертеңгі күні  жұқпаның ондаған,жүздеген есеге артуы ғажап емес

АИТВ-жұқпасы  кездейсоқ қорғалмаған ер мен әйел, ер мен ерлер арасында  жыныстық қатынас жасау кезінде, инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдар  ортақ шприцтер мен ыдысты пайдалану, сирек жағдайда дұрыс залалсыздандырылмаған медициналық құрал-саймандарды қолданғанда  және анадан  балаға  берілу жолдары белгілі екенін тағы еске саламыз.

Осы  жұқпадан қауіпсіз болудың  бірден - бір жолы:

-сенімді жыныстық жұптар құру;

-жыныстық жұптардың жыныстық серігінің тұрақты   болуы;

-кездейсоқ жыныстық қатыныстан аулақ болу;

-есірткіге тәуелді болмау;

-кездейсоқ жыныстық қатынас болған жағдайда  латексті,полиуретанды  мүшеқаптарды қолдану;

-АИТВ-дан және жыныстық жолмен берілетін аурулардан , әйелдер

үшін жүктіліктен қорғайтын жалғыз нәрсе –мүшеқапты қолдану;

Егер Сізде «АИТВ/ЖИТС» диагнозы  болған жағдайда, антиретровирустық терапияны қабылдаудың  арқасында өмір сүру көрсеткіші көптеген жылдарға ұзарады. Пациенттердің емделу түрі  мемлекет тарапынан кепілдендірілген, тегін, қарапайым дәрілер   түрінде тағайындалып, бақылауда тұрады.

Осы дертке ұшыраған адам дәрігер ңұсқамаларын бұлжытпай орындағанда, биологиялық қарттық жасқа дейін өмір сүруге болатынын ескертеміз.

АИТВ, жыныстық жолмен таралатын (мерез,соз,герпес,хламидиоз, трихомониаз,ВГ т.б.) жұқпалардан  сақтанудың алдын алу шараларын  білу- Сізді және жақындарыңызды  өмірдің  қауіпсіз сәттеріне жетелейді.

- Егер сізде қандай бір күдікті жыныстық қатынастар болса, тексеріліп, кеңестер алғыңыз келсе Астана қаласының ЖИТС орталығына  хабарласыңыз.

 

Біздің мекен-жайымыз:

Астана қаласы , І.Есенберлин көшесі 5/1

Сенім телефоны: 38-04-64 . 

 

Астана қаласының «ЖИТС-тың алдын алу

және оған қарсы күрес орталығы»

МКҚК –ның  маманы Ж.Смағұлова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.