Құрметті оқырмандар!

Құрметті оқырмандар!

       Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БАҚ-тың жарияланымдарына талдау жүргізе отырып, соттағы істерді қарау және жекеленген дауларды жариялау тәжірибесін түсіндіру арқылы жарияланымдар айдарын ашу туралы шешім қабылдады.

          Ювеналды соттың қарауындағы азаматтық және қылмыстық істер жабық сот процесінде қаралады, істер бойынша кәмелетке толмаған балалардың жеке деректері айтылады және оны жария етуге жатпайды. Осыған байланысты сот процестерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мүмкіншілік жоқ. Осы ретте істердің белгілі бір санаттары бойынша сұрақтар туындап, түсіндіруді талап ететін мәселелерде орын алып жатады.

         Осы басылымда біз баланың бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасауы туралы және балалардың тұрғылықты мекен-жайын анықтау туралы, сондай-ақ тараптардың сот шешімін орындау туралы дауларды қарауға тоқталамыз.

       Судья  талап арызды өндірісіне қабылдай отырып, іс бойынша кәмелетке толмаған балалардың жастарына аса назар аударады, өйткені істі сот қарағанға дейін баланың ата-анасымен қарым-қатынасын анықтайды. Кәмелетке толмаған бала ата-анасына деген шынайы қарым-қатынасын нақты айта алмайды, сондықтан  баланың  (балалардың) эмоционалды жақындығын анықтау үшін қамқоршы органы мен психолог маманы сұхбат әңгіме жүргізеді.  Бала өзінің тұрып жатқан ата-анасын ренжітпеу үшін өзінің шынайы сезімдері мен ниеттерін жасырады. Осылайша, ата-аналар ымыраға келе алмауына байланысты, бала эмоционалдық қиындықтарға түсіп қалады. Айта кету керек, зерттеу процедурасына өз пікірін білдіру және іс жүзінде бұл алты жастан бастап балалар түсіп отырады. Сот талқылауы аяқталғаннан кейін (әрдайым тараптарға түсіндіріледі) бала эмоционалды түрде тежеліп немесе депрессивті күйде қалады, бұл уақыт өте келе оның өмірге деген қарым-қатынасына да әсер етеді. Баладан бөлек тұратын ата-анасымен апта сайын кездесу барысында ата-аналардың бір-бірімен ұрыстары баланың санасына қатты батады.

   Осыған байланысты судья істі сот талқылауына дайындау барысында баланың санасын жарақаттамау үшін міндетті түрде ата-аналарға медиация рәсімін қолдану мүмкіндігі туралы түсіндіреді, өйткені мәселені бейбіт жолмен реттеу баланың эмоционалдық балансын сақтайды, оған  дұрыс қарым-қатынаста өмір сүруге және дамуына, сондай-ақ өзінің бақытты отбасын құруға мүмкіндік береді. Өйткені  балалар туған ата-аналарына қарай өз отбасын бейнелейтіндігін білеміз.

      Сонымен қатар, дауды бейбіт реттеу ата-аналарға жан-жақты емес, дарынды және табысты баланы тәрбиелеуге мүмкіндік береді, өйткені дұрыс  қарым-қатынас әрқашан баланың психологиялық және эмоциялық тепе-теңдігін сақтайды. Медиативтік келісімнің шарттарын Тараптар өз бетінше келіседі, демек, дау-жанжалсыз орындалады. Медиативтік келісім жасай отырып, тараптар қойылған талаптардың шеңберінен шығуға және басқа да мәселелерді шешуге құқылы.

    Прогрессивті технологиялар мен цифрландыру ғасырында ата-аналарға  жанжалсыз мәселелерді шешу және балаларға білім беру мен тәрбиелеуге көбірек уақыт бөлуге шақырғым келеді, өйткені дәл осы жақсы білімі бар азаматтар  әрқашан талап етіледі.

      Еліміздің болашағы балаларға байланысты екендігін назардан тыс қалдырмайық.

 

 Жамбыл облысының кәмелетке

толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының төрағасы  Е.М.Дүйсенбаев

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.