Жүргізуші куәлігін үйден шықпай-ақ ауыстыруға болады

Жүргізуші куәлігін үйден шықпай-ақ ауыстыруға болады

Төтенше жағдай режимін енгізумен және карантин уақытында арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына қатысты кейбір жүргізушілер жарамдылық мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін ауыстыру мәселесіне  тап болды. Жамбыл облысының ПД Әкімшілік полиция басқармасының  процессинг орталығы бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Айбек Көшеков осы мәселені қалай шешуге болатыны жөнінде  тарқатып айтып берді – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін egov.kz. порталы арқылы онлайн  түрінде ауыстыруға болады. Бұл  ретте  тек қана «мерзімі өтіп кеткен» немесе жарамдылық мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі көрсетілетінін атап өту қажет. Сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін кез келген медициналық мекемеде алуға болатын медициналық комиссиядан өткені туралы анықтаманы қоса беру керек.

Жүргізуші куәлігін бірінші рет алуға ниет білдірген немесе  оған басқа  санат  қосқысы келетін, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырғаннан кейін оларды қалпына келтіргісі келетін адамдардан емтихан қабылдау бойынша қызметтер көрсетілмейді.

Алдымен электрондық цифрлық қолтаңба - ЭЦҚ көмегімен (сондай-ақ жоқ болса, үйден шықпай-ақ алуға болады) egov.kz порталында авторландыру қажет, «Көлік және коммуникация» бөліміне, әрі қарай «Жүргізуші куәліктерін беру» бөліміне кіру  арқылы, «Онлайн қызметіне тапсырыс беруді» басыңыз.

Бұл жерде сізге өтінім мәліметтерін салыстыру қажет. Жүйе мүгедектіктің, төленбеген әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын және жүргізуші куәлігінен айыру дерегін өзі тексереді. Содан кейін дайын құжатты алуға келетін  ХҚКО мекенжайын көрсетіңіз. Ол үшін әрбір мамандандырылған ХҚКО-да дайын құжаттарды беру терезелері жұмыс істейді. Одан әрі өз қан тобыңызды көрсетесіз.

Келесі кезең- фотосуретті өтінімге жүктеу. Фотосурет беті бейтарап көрініспен ашық фонда (анфас) анық болуы және фотосуреттің жалпы ауданының 70% - дан астамын алуы тиіс.

Содан кейін сіздің қоятын қолыңыздың үлгісін тіркеңіз. Ол үшін файл-нұсқаулықтан соңғы парақты басып шығару қажет, онда 3×1 жақтарының арақатынасымен қара-ақ нұсқада ашық фонда қол қою, сканерлеу немесе ұялы телефонға сапалы фото жасау қажет.

Ұялы телефоныңыздың нөмірін және ерекше белгілердің болуын анықтаңыз: көзілдірік міндетті, медициналық комиссия міндетті, тек қолмен басқару, АКПП және т.б. Одан әрі «Сұранысты жіберу» батырмасын басыңыз.

Дайын жүргізуші куәлігін алатын  мамандандырылған ХҚКО орналасқан жердегі салық басқармасының органын таңдау қажет. Мемлекеттік бажды 3472.5 теңге (1.25 АЕК) мөлшерінде төлеңіз.

Жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қалыптастырылған электрондық өтінішпен танысу керек. Өтініш пен төлем туралы түбіртектің көшірмесін басып шығару қажет,егер принтер болмаса, онда басып шығаруды алып тастауға болады.

Бір сағат ішінде жеке кабинетке дайын жүргізуші куәлігі туралы хабарлама келеді, оны  мамандандырылған ХҚКО-да дайын құжаттарды беру терезелерінен алуға болады.

Бұл ретте өзіңізбен бірге ескі жүргізуші куәлігі мен жеке куәлік болуы керек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.