«Бәйтерек» холдингі төтенше жағдай кезінде ипотека алушыларға қалай көмек көрсетуде
Төтенше жағдай кезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Президенттік шаралар жиынтығы шеңберінде азаматтардың ипотекалық төлемдерін кейінге шегеру бойынша қолдау көрсетуді жалғастыруда және ыңғайлы онлайн-қызметтер көрсетуде.
Мәселен, «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (ТҚЖБ) дағдарысқа қарсы шаралар ретінде барлық клиенттеріне қолданыстағы қарыздары бойынша төлемдерін кейінге шегеруге рұқсат берді. Ол 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы кезеңде әрекет ететін болады. Бұл ретте, мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді. Қарыз алушыларға несиені төлемеу себептерін растайтын құжаттарды ұсыну қажет емес. Олар ТҚЖБ-ның интернет-банкингінде 15 сәуірден бастап ТЖ режимі аяқталғанға дейін өтініш берсе жеткілікті. Өтінімдерді қабылдау аяқталатын жоспарлы мерзім – 2020 жылғы 11 мамыр.
22 сәуірдегі мәліметтер бойынша осы дағдарысқа қарсы шараны Банктің 17 039 қарыз алушысы пайдаланған.
Клиенттеріне ыңғайлы болу үшін ТҚЖБ қашықтықтан жұмыс істеу арналарын күшейтуде. Депозиттерді бейнеқоңырау арқылы онлайн ашу қызметі іске қосылды. Банк сайтына кіріп, оны пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақстандықтарға басқа да қашықтықтан қызмет алу мүмкіндіктері ұсынылған: интернет-банкинг, мобильдік қосымша, WhatsApp және Telegram-арналар, төлем терминалдары, 300 телефоны бойынша IVR жүйесі.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ТҚЖБ салымшылары өз депозиттерінде 125 млрд теңге жинады. Жыл басынан бастап 93 508 жаңа жинақ шоттары ашылды. Депозиттерге деген мұндай сұранысты кредит бойынша мөлшерлемелердің қолжетімділігімен түсіндіруге болады, банк клиенттері кейін теңгемен белгіленген тиімді мөлшерлемелер бойынша несие ала алады. Депозиттерде бастапқы жарна үшін қаражат жинай отырып, банк клиенттері жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелермен тұрғын үй сатып алуға несие алады. Жыл басынан бастап мұндай мүмкіндікті ТҚЖБ-нің 7 592 клиенті пайдаланды.
Қазіргі уақытта ТҚЖБ-нің несиелік қоржыны 1,034 триллион теңгеге тең. Банкте барлығы 160 000 қолданыстағы қарыз бар. Жыл басында көздеген барлық жоспарлы көрсеткіштерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 100% орындады. Бұл ретте, банктің қарыз алушылары ең тәртіпті болып табылады. Бұл NPL (төлем мерзімі 90 күнге кешіктірілген қарыздар) деңгейінің төмен болуына ықпал етуде. Қазір бұл көрсеткіш 8% орташа банк деңгейінде 0,18%-ға тең.
Биыл банк «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Іске асырылған бірінші кезең қорытындысы бойынша 4 955 отбасы тұрғын үй сатып алынды. Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған 2020 жылғы 16 наурызға дейін банк тағы 710 жаңа өтінімді қабылдап, бекітіп үлгерді. Несиеге өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 4 мамырынан қайта басталады.
«Әскери өнім» аясында банк жыл басынан бері 76 қарыз берді, сондай-ақ 75 несие мақұлданып, әскери қызметшілер қалаған баспаналарын іздестіру үстінде, 54 несие өтінімі қаралуда.
«Бәйтерек» холдингінің басқа еншілес ұйымы – «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ (ҚИК) елдегі ТЖ кезінде өз клиенттері үшін төлем мерзімін кейінге шегеруге өтініш қабылдау тәсілін жеңілдетті. Клиенттерден өтініштер help@kmc.kz бірыңғай электрондық поштасы арқылы, авторизациясыз және тұлғаны растауды талап етпей қабылданады. Халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын және ҚИК-те ипотекалық қарыздары бар азаматтардың төлемдері өтінішсіз автоматты түрде кейінге шегеріледі.
ҚИК-те түрлі онлайн-сервистер жұмыс істейді. Компанияның ресми сайтында «Төтенше жағдай» деген жаңа бөлім ашылды, онда барлық қажетті ақпарат, яғни кейінге шегеру шарттары туралы ақпарат, өтініштердің үлгілері, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар. https://kmc.kz/ru/program/state-of-emergency.kz
Өтініш мәртебесін бір рет басу арқылы тексеру жүйесі іске қосылған. Компания клиенттері өтініш бергеннен кейін өз өтінішінің мәртебесін компания сайтында ЖСН нөмірін енгізу арқылы, авторизациясыз және тіркеусіз тексере алады.
ТЖ режимі аяқталғаннан кейін клиенттермен сатып алу құқығымен жалдау шарттарына қосымша келісімдер жасалады. Ипотекалық қарыздар шарттарына қосымша келісімдер жасалмайды, тек төлемдердің жаңа кестелеріне ғана қол қойылады.
Естеріңізге сала кетейік, ай сайынғы төлемдер мерзімін 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымына дейін ұзартуға болады. Бұл ретте, мерзімі ұзартылған төлемдер қарыз немесе жалдау мерзімінің соңына дейін біркелкі бөлінетін болады. Кейінге шегерілген төлемдерге өсімпұлдар мен айыппұлдар есептелмейді.
Компанияның байланыс орталығының +7 727 344 12 22 телефоны арқылы немесе 8 800 080 44 48 жедел желі нөмірі арқылы (ҚР-ның барлық өңірлері үшін қалалық нөмірлерден тегін) барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.
Сонымен қатар, Холдингтің тағы бір еншілес ұйымы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ (БД) «Нұрлы жер» және «ЭКСПО-2017» бағдарламалары шеңберінде салынған тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу құқығымен жалдау/бөліп төлеуге сатып алу-сату мәмілелері бойынша негізгі борыш пен сыйақыны қоса алғанда, төлемдер мерзімін үш айға, яғни 2020 жылдың сәуірінен маусымына дейін кейінге шегеруге рұқсат берді.
Жалға алушылар мен сатып алушылар кейінге шегеру себебін көрсете отырып, бекітілген нысанға сәйкес өтінішті өз қолымен жазулары қажет (http://baiterekdevelopment.kz ресми сайтынан жүктеп алуға болады). Растайтын құжаттар талап етілмейді. Өтінішке жалға алушының/сатып алушының жеке куәлігінің (екі бетінің) көшірмесін қоса беру қажет. Қол қойылған өтініш пен жеке куәліктің сканерленген көшірмесін otsrochka@bdevelopment.kz. электрондық поштасына жіберу қажет.
Өтініштің түпнұсқасын ТЖ аяқталғаннан кейін Бәйтерек девелопментке ұсыну қажет. Ұлттық компания жалға алушылар мен сатып алушылардан үйде қалуды және алаңдамауды өтінеді, барлық өтініштер қаралатын болады, ал кейінге шегеру сәуір айы мен маусым айы аралығында қолданылатын болады. Жаңа төлем кестесіне елдегі төтенше жағдай аяқталғаннан кейін қол қоюға болады. Өтініштерді қабылдау мерзімі төтенше жағдай мерзімі аяқталғанға дейін созылады.
Сатып алу құқығымен жалдау шарттары бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру талаптары («Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде):
Ұсынылатын кейінге шегеру кезеңіндегі ай сайынғы төлемдер сомасы төлем кестесіне сәйкес мерзімнің соңына дейін амортизацияланады. Өтінішті беру сәтінде кепілдік жарнаның орнын толтыру бойынша мерзімі өткен берешегі бар жалға алушылар кейінге шегеру мерзімі аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде, яғни 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың маусымы аралығында кепілдік жарнаның орнын толтыра алады.
Бөліп төлеумен сатып алу-сату шарттары бойынша төлем мерзімін кейінге шегеру талаптары («ЭКСПО-2017» қоса алғанда, БД-ның жеке бағдарламалары шеңберінде):
Бөліп төлеумен сатып алу-сату шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге шегеру мерзіміне мөлшерлес төлем кестесіне сәйкес жылжытылады. Өтініш берген күні мерзімі өткен берешегі бар сатып алушылардың төлемдері кейінге шегерілген жағдайда, олар кейінге шегеру мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен берешек сомасын төлеуге тиіс. Мерзімі өткен берешекке өсімпұл мен айыппұлдар төлем мерзімі кейінге шегерілген кезеңде есептелмейді.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, мына байланыс нөмірлері бойынша БД-ға хабарласа аласыз: 8 (7172) 769 560, ішкі 388, 392.
Анықтама ретінде:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Озық корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес келетін және әртараптандыру, жаңашылдықты қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен Қазақстан экономикасын тұрақты дамыту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің басты институты. Холдингтің құрамына «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС кіреді.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі
+7 701 512 90 48
[xfvalue_img]