ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН ОНЛАЙН АЛУДА
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен «Еріктілер жылы» аясында «ADAL KÓMEK» жобасы жүзеге асырылуда, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа тегін заң көмегін көрсету болып табылады.
Еріктілер ретінде Агенттік қызметкерлері, тәжірибеден өтуші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттары, заң факультеттерінің оқытушылары кеңес береді.
ТЖ кезеңінде консультациялар онлайн түрде ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми аккаунттары арқылы, апта сайын сенбі күндері сағат 10-00-ден 13-00-ге аралығында жүргізіледі.
Өз сұрақтарыңызды https://www.facebook.com/ASVKO/ ресми аккаунттары мессенджеріне өтініш жіберу арқылы жаза аласыз немесе тікелей эфирде, эфирдің күні мен уақыты акаунтта жарияланады.
[xfvalue_img]