«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау қорытындылары туралы

«Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау қорытындылары туралы

 

 

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаменті Жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының басшысы Талғат Садинов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаменті Жемқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипова және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

Брифинг барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – Орталық) өзінің бастамасы бойынша жүргізген Орталықтың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне өткізілген сыртқы талдау қорытындыларын жариялады.

Агенттік өкілдері атап өткендей, Орталық «Болашақ» халықаралық бағдарламасының қызметін жетілдіру бойынша жүйелі және кезеңмен жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта орталық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобалары әзірленді. Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы жинақталып, талдау барысында анықталған проблемалық мәселелер туралы айтпауға болмайды.

Стипендиаттарды конкурстық іріктеу процестерінде әлеуетті тәуекелдер конкурс кезеңдерінің нақты регламенттелмеуі, сондай-ақ олардың санының көп (6 тур) болуына байланысты. Олардың әрқайсысында үміткерлердің кезекті турдан өту немесе өтпеу туралы объективті емес шешім қабылдау мүмкіндігі бар. Бұл ретте, кезеңдердің жартысын өткізуді Орталық тарапынан тиісті сүйемелдеусіз, тестілеу жөніндегі бөгде ұйымдар жүргізеді.

Үміткерлерді іріктеу жөніндегі тәуелсіз сараптау комиссиясының қызметі қайта қарауды талап етеді. Оның мүшелерінің кәсіби деңгейін күшейту, сондай-ақ Комиссия құрамын қалыптастыру процесін жетілдіру қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тілдік курстарды ұйымдастыру кезінде мәселелердің реттелмеуінің, атап айтқанда, олардың өту мерзімдерінің салдарынан орын алады. Нәтижесінде, бұл стипендиаттардың бірнеше жылдан бері тіл курстарында болуына алып келеді.

Оқу процесінде стипендиаттың үлгерім мониторингі, шарттық міндеттемелер орындалмаған жағдайда дер кезінде әрекет ету, «Болашақ» стипендиясынан айыру туралы мәселелерге бастамашылық жасау және т.б. бойынша нақты, қадамдық жұмыс регламенттелуі қажет.

Стипендиаттарды жұмысқа орналастыру процесі де реттеуді талап етеді. Өз бетімен түскендер санаты бойынша білім алған түлектерге жұмысқа орналасуға кепілдік берілмеген және олар осы мәселелерді өздері шешуге мәжбүр.

Қазақстаннан тыс жерлерде, сондай-ақ шетелдік ұйымдарда жұмыс істеуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар, бұл стипендияны тағайындау мақсаты – алынған білімді Қазақстанда қолдану болып табылады.

Елеулі тәуекелдер жұмыс істеген күндерді есептеу рәсімдерінде де, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алып тастау рәсімдерінде де анықталды. Бүгінгі күні осы рәсімдердің жетілмегендігі жауапты тұлғалардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін.

Оқыту мен тағылымдамаларды қаржыландыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, негізінен, бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде және ақпараттық жүйелерді ықпалдастырудың болмауы салдарынан туындайтын бұзушылықтарға байланысты.

Мәселен, соңғы себеппен республикалық бюджеттен қаржыландырылған стипендиаттардың есебінде алшақтықтар орын алуда. «еБолашақ» және «1С Бухгалтерия» жүйелеріндегі деректер әртүрлі. Стипендиаттардың дербес деректерін (ЖСН, тегі, шарт нөмірлері және т.б.) енгізу кезінде техникалық қателер жіберіледі, нәтижесінде, бұл жүйеде бір тұлғаны бірнеше рет есепке алуға әкеп соғады.

Сыртқы талдау барысында анықталған осы және өзге де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша Агенттік тиісті ұсынымдар жасады. Оларды іске асыру бойынша жан-жақты жоспар әзірленді. 6 ай өткеннен кейін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның орындалуына мониторинг жүргізеді.

Анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі шаралардың бір бөлігі қазіргі уақытта келісу рәсімінен өтіп жатқан «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелерінің жобасында көзделгенін атап өткен жөн. Қағидаларды пысықтау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.