ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

 

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алик Шпекбаев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Президенті Айнұр Кәрібозова кездесіп, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - Қоғам әкімшілік ететін ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясымен қоса шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары аясында сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау.

Кездесу барысында Агенттік Төрағасы мамандар іріктеу кезінде шетелдік оқу орындарының түлектеріне, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына, магистр және PhD докторы дәрежесін иеленгендерге басымдық берілетінін және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 11 қызметкері Еуропа мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының түлектері екенін атап өтті. 

Алик Шпекбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы түрлі салалардың, атап айтқанда құқық қорғау органдарының мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің маңызды рөліне баса назар аударды.

Сонымен қоса, тараптар Агенттіктің орталық аппараты мен территориялық бөлімшелері қызметкерлерінің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, сондай-ақ танымал әлемдік ғылыми-зерттеу орталықтарының, компаниялар мен салалық ұйымдардың базасында қысқа мерзімді (он екі айға дейінгі мерзіммен) тағылымдамадан өту мәселесін талқылады.

Кездесу соңында Айнұр Карбозова Алик Шпекбаевқа Қоғамның бастамасын қолдағаны үшін алғыс айтып, алдағы ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Өз кезегінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Меморандумға қол қою Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігін үздік әлемдік тәжирибеге сәйкес арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.  

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін тараптар Агенттік пен Қоғамның күшін жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда және оның кез-келген көріністеріне жол бермеуде өзара әрекеттесуді арттыруға келісті.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.