ТЖ КЕЗІНДЕГІ МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің "ANTIKOR ORTALYǴY" сервис орталығында Нұр Отан партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қоғамдық кеңесінің төрағасы А. Светаш ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Facebook парақшасында әлеуметтік маңызы бар тауарларға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша тікелей эфир өткізілді.
Брифинг барысында А. Светаш әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының мониторингі қарақұмық жармасының қымбаттағанын анықталды, қалған тауарлар бойынша баға тұрақты.
Бүгінгі күні Өскемен қаласының тұрғындары үшін тағы бір өзекті мәселе-өз саяжай учаскелеріне рұқсатнамалар бойынша жылжу мәселесі болып табылады.
Спикердің айтуынша, қала тұрғындары өз автокөлігінің нөміріне сәйкес шыға алады (жұп күнтізбелік күндер бойынша 0 - ді қоса алғанда, жұп санға аяқталатын нөмірлері бар автокөліктер қозғалатын болады; тақ күнтізбелік күндерде, тақ санға аяқталатын нөмірлері бар автокөліктер қозғалатын болады).
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс қоғамды толғандырған сұрақтарды анықтап, тез арада шешімін табуға мүмкіндік береді.
Департаментпен аталған бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.
[xfvalue_img]
17 пікір