СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРМЕН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Antikor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында аумақтық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамымен онлайн-семинар өткізілді.
Семинар барысында Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Берік Әшірбеков пен Медет Тұрыбаев өрт сөндіру қызметінің әрбір өкілі қосылған Skype сервисі арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қазақстандық заңнаманың негізгі нормаларын түсіндірді. Атап айтқанда, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша міндетті шаралар қабылдау туралы ақпаратты жеткізді.
Сондай-ақ, спикерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Саll-орталығының қызметі және азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы айтып берді.
Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы Ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысы туралы хабардар етілді, ол арқылы кез келген адам Рublicbudget.kz порталында бюджет қаражаты туралы ақпаратқа қол жеткізе алады.
Естеріңізге сала кетейік, ел мен әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша жағдайға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара іс-қимылдың онлайн-форматына көшті. Төтенше жағдай кезінде азаматтарды қабылдау онлайн режимде Skype арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]
1 пікір