ШҚО бойынша ЭТД қызметкерлері «Біз біргеміз» акциясы аясында өз көмектерін көрсетуде
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментінің қызметкерлері жалпы республикалық «Біз біргеміз» акциясына қатысты.
Төтенше жағдай режимі кезінде Департамент қызметкерлері көп балалы аналарға, қарт адамдарға және көмекке мұқтаж мүгедектерге азық түлік жеткзіп көмек көрсетті.
Акция аясында 10 отбасына көмек көрсетіліп, мұқтаж адамдарға азық түлік пен жеке бас тазалығының заттары жеткізілді.
Акцияның әлеуметтік маңызыдылығын ескере отырып, Департамент қызметкерлері қиын жағдайда қалған отбасыларға көмек керсетуді ары қарай да жалғастыра береміз деп шешті.
[xfvalue_img]