ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ 1424 (қоңырау орталығына) ХАБАРЛАЙ АЛАДЫ
Қазіргі жағдайда кез-келген мемлекеттік орган қоғамның нақты және пәрменді қолдауымен ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.
Агенттік төтенше жағдайда Telegram, Facebook, Instagram, YouTube, электронды пошта және т.б. сияқты барлық байланыс құралдары арқылы азаматтармен онлайн режимде жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-кеңес береді.
Операторлар Агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, жұмысқа қабылдау тәртібін түсіндіреді.
Орталық тәулік бойы сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіретін жағдайлар туралы телефон хабарламаларына жауап береді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы күдік бойынша қоңырау түскен кезде оператор абонентті дереу хабарламаны тіркеп, жедел әрекет ететін Агенттіктің кезекші офицеріне қосады.
Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі.
Егер жеткілікті негіздер болса, сотқа дейінгі тергеу басталады.
Сонымен бірге, егер кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік жаза немесе айыптау үкімі туралы сот қаулысы заңды күшіне енген жағдайда, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдемдескен азаматтарға ақшалай сыйақы беру қарастырылған.
Құрметті Шығыс Қазақстандықтар, біз бей-жай қарамайтын азаматтарды сыбайлас жемқорлықтың әрбір фактісі туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөміріне хабарласуға шақырамыз.
Сонымен бірге, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша азаматтармен өзара іс-қимыл Агенттіктің басшылығымен де, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерімен де тұрақты Интернет-конференция өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Сізді қызықтыратын мәселелер мен ұсыныстар бойынша мессенджер құралдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен аумақтық бөлімшелердің ресми сайттары арқылы өзара байланыса аласыз.
[xfvalue_img]