ANTIKOR.LIVE: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «тікелей эфирде»
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуді тапсырды.
Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желілер (Instagram, Facebook, YouTube, WhatsApp және т.б.) аудиториясының белсенділігінің едәуір артқандығы байқалады. Ағымдағы жағдайды ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саясатын іске асыру жаңа ақпараттық талаптарға бейімделуді талап етеді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жаңа ақпараттық ағында халықпен кедергісіз байланыс құру үшін инновациялық тәсілдің қажеттілігін көрсетеді.
Осыған орай, Агенттікпен «Antikor.Live» жобасы іске қосылды.
Бұл жоба on-line режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті үнемі жариялауға арналған алаң болып табылады.
Енді әр жұмыс күні сағат 11.00 мен 12.00 аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еліміздің барлық өңірлерінде халықпен байланыс үшін «тікелей эфирге» шығады.
«Тікелей эфир» барысында азаматтардың назарына елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу шаралары, хабардар етушілерді қорғау және т. б. тың ақпараттар ұсынылатын болады.
Эфир барысында кез келген желі қолданушысы спикерге Агенттік қызметі туралы сауал беріп, өз пікірі мен ұсынысын қалдыра алады.
Тікелей байланыс Агенттіктің аумақтық департаменттерінің Facebook, Instagram, Youtube сияқты танымал әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі халықпен тиімді байланыс құру бойынша кең ауқымды жұмыстарды үнемі жүргізбек.
[xfvalue_img]