«ЕЛ-ӨНІМІ» таза табиғи өндіріс Ұлттық салауатты ұрпақ кепілі

«ЕЛ-ӨНІМІ» таза табиғи өндіріс Ұлттық салауатты ұрпақ кепілі

    Бүгінгі таңда Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, ШҚО, Қостанай- облыстарында «Бір ауыл - бір өнім» қағидаты бойынша ауылдық жерлерде отбасылық фермаларды дамыту жөніндегі «ЕЛ-ӨНІМІ» жаңа әлеуметтік жоба ауыл аймақтарында іске асырылуда.
     «ЕЛ-ӨНІМІ» жобасы ауыл тұрғындарын біріктіру мақсаты, өздерінің есік алдындағы жеке шаруашылығында бірнеше азық өнімдерін егу, олардың әлеуетін  арттыру үшін және жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру арқылы бір немесе бірнеше таза экологиялық  отандық өнімдерді өндіру , табиғи таза өндірілген өнімдерді жергілікті тұтынушыға және нарықтарға сатуға жәрдемдесу болып табылады.
     Осы жобаны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы – Салтанат Рахимбекова Темірқұлқызымен бірге  іске асырылуда.
     Айта кетсек, «Coca-Cola» халықаралық қорының қолдауымен   «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағының» бастамасымен еліміздің 14 облысы  іске қосылған.
     Тұтынушылардың көпшілігі денінің сау болғанын, қоршаған ортасының таза болғанын қалайды. Отандық өнімдеріміз тегіс экологиялық таза өнім болатын болса, импорттық өнімге бәсеке болады. Қазіргі таңда қолданыста жүрген химикаттар арқылы көп өнім алуды көздеп, табыс көзін көруде.  Денсаулықты ойласақ,  осы химикаттар ағзамызға зиянын тигізуде. Сол себепті жаңа технологияны  қолданып, сол арқылы өнімділікті, өндірісті ұлғайта аламыз. Енді фермерлер  және басқа да шаруашылықпен айналысатын кәсіпкерлерге «ЕЛ-ӨНІМІ» жобасы арқылы егін  шаруашылығының сапалы өнімдерін дұрыс өсіру бойынша кеңес беріп қана қоймай , жаңа технологияларды қалай? неге? пайдалану туралы көп ақпараттарды ала алады. Жерді пайдаланғанда жердің топырақ жамылғысын сақтау және жақсартуын, сондай – ақ  мал шаруашылығы шаруашылықтарына асыл тұқымды мал басын дамыту жөнінде көмек көрсету жоспарлануда. Халыққа осы жобанының іске асырылуын, дұрыс жеткізілуін, тек оқытып қана қоймай, ары қарай табыс көздері мен жұмыстың атқарылуына жәрдемдесу. Үй жанындағы аумақтарда жүзім, жеміс-жидектер мен көкөністерді шағын жылыжайлар мен бақшаларда өсіру және жеміс-жидек бақтарын дамыту жоспарлануда.  Бұл жоба көпбалалы , аз қамтылған отбасылар үшін өте тиімді. Жобаның негізгі қатысушылары ауылдағы көп балалы аналар  2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген жаңалықтарға сәйкес алдын ала оқытусыз жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 200 АЕК (530 200 тенге ) мөлшерінде грант алушылар «Еңбек» бағдарламасы арқылы алу мүмкіншілігі бар. "Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың иелерін қолдауға бағытталған "Жеке қосалқы шаруашылықтар" білім беру онлайн-мектебін іске қосылуда. Қазіргі кезде 4 оқу бағдарламасы ұсынылуда. Айта кетсек, жылыжайда көкөніс, саңырауқұлақ, үй құстарын өсіру, ара және тағы басқа  шаруашылықтары бар . Бірінші модульда видеолар, екіншісінде қысқа-қысқа лекциялар, ал үшіншісінде инфографика түрінде және соңғысы тапсырмалар негізінде жасалған. Әр модульге өту үшін міндетті түрде тапсырмалар орындалу керек.  Онлайн-мектебі арқылы үйренем, игерем деген азаматтар үшін үлкен көмек. Ауыл шаруышылығын дамытып отырған сарапшыларды, белгілі бизнес-тренерлерді шақырып отырғаны айтыла кетті. Біздің алға қойған мақсатымыз  кедейлікті жою, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қолдау көрсету. Біз, бұл жобаны ұйымдастырушы және ынтымақтастық пен серіктестікке шақырамыз.
    Тағы да айтарымыз, ауылдағы жұмыссыз әйелдерді қолдауға арналған әлеуметтік жоба 2020 жылда «Coca-Cola Belesteri» жетінші республикалық ауыл әйелдерінің арасында шағын бизнесті бастау конкурсының іс-шаралары басталады. Осы жобаның 10 жеңімпазы өз бизнесін жүзеге асыру үшін 4000 АҚШ доллары көлемінде грант алады - Салтанат Рахимбекова Темірқұлқызының сұхбатында. Ауыл әйелдеріне көп назар аудару туралы да айтылды.
     Қазіргі таңда облыстарымызда Асқар шындарға ту тіккен ауыл  қыздарымыз осы жобаның іске асуына күш салысуда. Түркістан облысында Жетісай, Мақтарал, Ордабас аудандарында осы «ЕЛ-ӨНІМІ» жобасы іске асырылуда. Бұл жобамен Түркістан облысы бойынша Асқар шындарға ту тіккен қыздарымыздың бірі Акбаян Төлбасықызы жұмыстарын атқарып, ауыл әйелдерімен біріге осы жобаның тиімділігі бар екенін ескерте отырып, Жетісай, Мақтарал, Ордабас аудандарынан 100 ге таяу  көпбалалы отбасының осы  жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатынын жеткізді. Бұл жобаға  2019 жылы қазан айынан бастап, ауыл тұрғындарының арасынан белсенді топ кұрып, көп балалы әйелдермен кездесіп түсіндірме жұмыстарын бастаған. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, алдын ала арнайы оқытусыз 200 ортақ айлық көрсеткіш көлемінде, 530200 тенге қайтарымсыз грант алып, сол сомаға жобалық арнайы бағалау (смета) жасалды. Жердің айдалуы, тамшылатып суару, көшеттер, бір жылға жететін тыңайтқыштар - барлығы толық сол бағалаудың ішінде бар. Жасыл коалицияның қолдауымен - жобаның аграрлық сүйемелдеуі іске асырылады. Бұл жобада отбасымен бірге еңбекке баулу, мемлекеттің көмегімен кұнделікті күн көріс көзін табу, таза табиғи өнімді жей отырып, денсаулықты көтермелеу, кішігірім бизнес көзінінен табыс табу екендігі айтылды. Осы жобада арнайы мамандырылған өкілдерімен жұмыс жасау ұйыдастырылған. Жүмыссыздықпен күресу қайтарымсыз грант ретінде қарастырылған жоба. Осы жобаға ауыл азаматтарының көңіл бөлуіне, көп шаралардың атқарылып жатқанын айтып кетті.

Қосымша ақпараттарды greenkaz.org сайтынан ала аласыз.

Бөтен жердің гүлінен, туған жердің тікені артық- бәріміз біріге отырып таза табиғи өндірісімізді өндірейік.

 

Мадина Жатканбаева

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 4

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.