Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қырғызстандағы өкілдігі дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қырғызстандағы өкілдігі дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеді

БІШКЕК, 2018 жылғы 30 қаңтар – Дамуға ресми көмек (ДРК) саласындағы ұлттық жүйені дамыту мақсатында қазақстандық делегация Қырғызстанға барды.

Аталмыш іс-шара «Дамуға ресми көмек саласында Ауғанстанмен ынтымақтастықта Қазақстанға жәрдемдесу» атты бірлескен пилоттық жоба шеңберінде өткізілді. Оны іске асыру туралы уағдаластық Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің 2015 жылғы қазандағы Бірлескен баяндамасында бекітілген болатын.

Сапар барысында Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) мен БҰҰ Даму Бағдарламасының Бішкектегі өкілдіктерімен даму мақсатындағы халықаралық көмек көрсету мәселелері бойынша консультациялар өткізілді. Кездесулер аясында Қырғызстандағы өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің ДРК бағыты бойынша сарапшылық әлеуетін дамыту сапардың тағы бір маңызды мақсатының бірі болып табылды. Кездесулер шеңберінде қазақстандық делегация жапон тарапын еліміздің ДРК ұлттық жүйесімен, Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының ДРК саласындағы жеке тетігін қалыптастыру және ұлттық операторын құру бойынша атқарып жатқан қызметімен таныстырды.

Қазақстандық делегация JICA-ның Қырғызстанда іске асырып жатқан жобаларымен, атап айтқанда ауыл шаруашылығы саласындағы табысты жобалардың бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен танысты. Аталған жоба ауыл тұрғындарының жақын және алыс шетелге экспортталатын азық түлік, бал, сондай-ақ киіз және емдік шөптерден қолдан жасалған заттарды жасап шығаруды көздейді.

Сонымен қатар, Қазақстан сарапшылары JICA-ның бастауымен ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, ақпараттық технологиялар және білім беру салаларында жүзеге асырылған жобаларымен танысты. Оның ішінде, делегация жапондық ДРК жобасының қаржыландыруымен ашылған Қырғызстан Республикасындағы Жапондық орталығы, Ақпараттық технологиялар орталығы, «Бір ауыл – бір өнім» орталығы, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдау жобасының объектінде болды.

Өткізілген консультациялар Қазақстанның ұлттық ДРК жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысы аясында болашақ қазақстандық ДРК жобаларын іске асыру бойынша іс жүзінде құнды мағлұмат алуға бірден бір мүмкіндік берді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.