«Брейн-ринг» байқауы
Нұр-Сұлтан қ. полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы қалалық Білім беру басқармасымен бірлесіп, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалар арасында жол қозғалысы ережесін білу бойынша "Брейн-ринг" байқауын өткізді.
Өткізілген сайыстың басты мақсаты – балалардың ЖЖЕ бойынша білімдерін жетілдіріп бекіту, жол-көлік оқиғаларын алдын-алу бойынша бағытталған жұмыстарды жандандыру, балалардың бойына қоғамдық көліктегі мәдениетті қалыптастыру, балалар жол – көлік жарақатының алдын-алу және жол – көлік оқиғаларының санын азайту мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдар мен жұртшылықтың назарын аудару және т.б.
Сайыс бағдарламасына бірнеше кезең кірді, бірінші кезеңде балалар «Сәлем, балақай!» атты музыкалық қойылымнан бастап, команданың аты мен ұранын қорғаған немесе ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқыған, сонымен қатар қатысушылардың сыртқы келбеті де бағаланды.
Екінші кезең "білімпаздар отанында" жол жүру ережелері мен жол белгілерін білу викторинасынан, үшінші кезең" Сен білесің бе?" ЖҚЕ білу бойынша команда капитандары қатысты. Төртінші кезең - " Кім күшті?" күрделі жағдайларды шешу конкурсы және қорытынды кезең-қорытынды шығару.Байқау қорытындысы бойынша "Брейн-ринг" қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Алматы ауданы бойынша «Бас жүлде» алған балабақшалар: №67, №37, №8.
Сарыарқа ауданы бойынша «Бас жүлде» алған балабақшалар: №32, №11, №30; №2.
Есіл ауданы бойынша «Бас жүлде» алған балабақшалар: №80, №82, №53; №15.
Байқоңыр ауданы бойынша «Бас жүлде» алған балабақшалар: №28, №10, №46.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]