«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН СОМАСЫ 34,8 МЛРД ТЕҢГЕНІ  ҚҰРАЙТЫН КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРМЕН СОМАСЫ 34,8 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында «Samruk Business Forum» атты отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында бірінші форум өтті. Форумды ұйымдастырушы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.

Шараға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» Қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ахметжан Есімов бір көзден сатып алуды 22 есеге – 4500 позициядан 198-ге дейін қысқарғаны туралы хабарлады. Ол Қордың сатып алу құрылымы 2018 жылдың 1 қаңтары жасалған талдау бір көзден сатып алудың елеулі үлесін (90%) көрсеткенін атап өтті. Осыған орай келісім-шарттар «бюджетке сәйкес» жасалды, үнемдеу мен бәсекелестік орта болған жоқ.

«Атқарылған жұмыс есебінен біз бәсеклестік нарыққа 650 млрд теңгеден астам сатып алуды тапсырдық. Оларға 13 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері тікелей қол жеткізді. Біздің компаниялар құрылған бәсекелестік орта есебінен 40 млрд теңге үнемдеді»,- деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, шешім қабылдау шарттары мен бір көзден сатып алу негіздері қатаңдатылғаны атап өтілді. Нәтижесінде, 2019 жылдан бастап бір көзден сатып алу көлемі 700 млрд теңгеге - 2,9-дан 2,2 трлн теңгеге дейін қысқарды. Тендер тәсілімен сатып алу 4 есеге - 1 трлн теңгеден астам сомаға артты. Бұл шаралар 2018-2019 жылдары өткізілген сатып алудың қорытындылары бойынша 276 млрд.теңге сомасында үнемделуге ықпал етті.

Сатып алу санаты жүргізілді, мысал ретінде компьютерлік техниканы сатып алу келтірілген – бұрын мәлімденгендерден 40% - ға төмен баға алынды, 3 жылдан 5 жылға дейін компаниялар тобының қызметкерлері үшін компьютерлік техникаға 30% жеңілдік түріндегі кепілдеме ұзартылды.

Төраға қазақстандық өндірісті қолдау басым міндет болып табылатынын атап өтті. Соңғы үш жылда тауарлар тізімі бойынша импорт көлемі 500 млрд теңгені құрады. Қор ұзақ мерзімді келісім-шарттарға кепілдік бере отырып, осы салалар шеңберінде отандық өндірушілермен оффтейк-келісім-шарттар жасасуға ниетті. Қазіргі уақытта Қор 27 жобаны мақұлдады.  Айта кеткен жөн, "оффтейк-шарт" тетігінің басты шарты ҚР-да өнім өндірісінің болмауы және оған Қор компанияларының қажеттілігі болып табылады.

Форум алаңында А. Есімов бизнес-қауымдастықтардың басшыларымен кездесіп, Қазақстанның қоғамдық бірлестіктерімен, бизнес-қауымдастықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Сонымен қатар, панельдік сессия барысында Қордың портфельдік компаниялары мен қазақстандық кәсіпорындар арасында сомасы 34,8 млрд теңгені құрайтын келісімдерге қол қойылды. Азия-Трафо-мен ҚТЖ арасында трансформатор дайындауға, Жайық Петролеум мен АМӨЗ арасында метанолға  оффтейк келісімшарт жасалды, ҚазТрансОйл үшін кондольдік сорғыларға  Karlskrona-мен меморандумға қол қойылды, арнайы техника өндірушілерімен әріптестік туралы стратегиялық келісімге, Қор мен Қазақстан Инжиниринг арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин форумның маңыздылығын атап өтті.

«Самұрық-Қазынаның» табысты тәжірибесі барлық реттелетін сатып алуларға, соның ішінде мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардға үлгі болып, таратуы тиіс»,- деді Асқар Мамин.

Форумның пленарлық сессиясы соңында Асқар Мамин мен Ахметжан Есімов үздік отандық кәсіпорындарға марапаттар табыс етті.    

 

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және

маркетингтік коммуникациялар

 жөніндегі департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.