Әскери қызметшілермен сабақ өкізілді
Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері және қызметкерлерінің жеке автокөлік иелері құрамымен қысқы кезеңде автокөлікті пайдалану және жол жүру ерекшеліктері бойынша сабақ өткізілді.
Биылғы қыс жылдағыдан өзгеше болып тұр. Бірнеше күн қатарынан боран болса, енді табан астынан күн жылып, соңы қарға да айланды. Қысқы ауа-райының өзгешелігі де жол көлігін пайдаланудың өзіндік ерекшелігін игеруді талап етеді. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамымен автокөлікті пайдалану және жол қозғалысы қауіпсіздігі мамандары сабақ өткізді. Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полициясы жасағының әскери автоинспекция бөлімі бастығы подполковник Әлімжан Ержанов жалпы гарнизондағы орын алған жол-көлік оқиғалары мен олардың алдын алу мәселелері бойынша ерекше тоқталды. Алдыңғы жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда жетістіктер бар екендігін атап өтті. Қысқы көктайғақта көлік жүргізудің қыр-сырын түсіндіріп те берді.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Төлеухан Талдыбай жол жүру ережелеріне және оны бұзған жағдайдағы жауапкершіліке енгізілген заман талабына сай өзгерістер туралы түсіндіріп өтті. Елорда көшелеріндегі жол жүру ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер туралы бейнероликтер тыңдармандарға ерекше әсер етті. Сабақ барысында лекторға көптеген сұрақтар қойылып, берілген жауаптар көпшілік көңілін толық қанағаттандырып отырды.
"Жеке құраммен осындай сабақтар өткізу мамандарымыздың біліктілін жоғарылатып, кәсіби шеберліктерін шыңдайды. Ісшараның негізі жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Жол жүру ережелеріне енгізілген жаңалықтарға да толық түсініктеме алдық" - деп түйіндеді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерболат Джусупов.
Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті
[xfvalue_img]