Жемқорлыққа жол жоқ!
Жемқорлықпен күрес қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың негізігі басымдылықтарының бірі осы келеңсіздікпен күресу болып табылады.
«Армияда қылмысқа орын жоқ!» жоспары бойынша Ақмола гарнизонының құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жемқорлықпен күрес бойынша заңдылықтың орындалуын бақылау комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Соңынан елордалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің және аудандық басқармалардың жеке құрамымен кездесу өткізілді. Ақмола гарнизоны әскери гарнизонның Әскери полициясы жасағының сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінің бастығы Иосиф Папава жемқорлықпен күрес туралы заңнамалық актілерге енгізілген соңғы жаңалықтарға кеңінен түсініктеме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге гарнизон бойынша құқық бұзушылық ахауалын талқыланып, өткен жылдармен салыстырғанда елеулі жетістіктерге қол жеткізілгендігін мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Тәрбие, идеология және әскери-патриоттық жұмыстар басқрмасының бастығы – департамент бастығының орынбасары Ерболат Жүсіпов:
«Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Халыққа қызмет көрсету бағытындағы біздің мекемеміздің мамандары кәсіби білімді, білікті, заман талабына сай, елімізге адал қызмет ететін тұлғалар болуы тиіс» - деді.
[xfvalue_img]