Ақмола облысында жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер қаралды
Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстық Жер қатынастары басқармасында жер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою туралы семинар-кеңес өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов сөз сөйлеп, ең алдымен қатысушыларды республиканың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларында енгізілген жаңалықтар туралы хабардар етті.
«Жер учаскелері әртүрлі алаяқтар, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының өкілдері үшін ерекше сала болып табылатыны ешкімге құпия емес. Тәжірибе көрсеткендей, жер қатынастары саласы біздің еліміздегі ең сыбайлас жемқорлық саланың бірі болып табылады. Сондықтан тиісті органдардың бірінші басшылары бағынышты қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін барлық қажетті алдын алу шараларын қабылдауға міндетті», - деп атап өтті Бақытжан Әмірханов.
Айта кету керек, бұрын департамент Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау бойынша талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау барысында Бөлім ұсынатын мемлекеттік қызметтер саласында бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мысалы, талдау көрсеткендей, жер қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзудың ең жиі орын алатын жағдайлары - ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін кезектен тыс беру. ЖТҮҚ үшін жер учаскелерін беру бойынша арнайы есепке алуды (кезектілікті) жүргізу рәсімінің жетілмегендігі анықталды.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің қандай да бір мемлекеттік қызметті алушымен тікелей байланысы түрінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Мемлекеттік қызметтердің бірқатар стандарттары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейді.
Бұдан басқа, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары болмаса және бас жоспардың сәйкессіз объектілерді салу үшін жер учаскелерін беру кезінде бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру кезінде бұзушылықтар анықталды. Талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар шығарылды.
Семинар соңында Ақмола облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Бауыржан Ерназаров мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, сондай-ақ басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылданатынына және тиісті іс-шаралар жүргізілетініне сендірді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]