Астана ФК Манчестер Юнайтедті жеңді
УЕФА Еуропа лигасының L тобында Астана командасы әйгілі Манчестер Юнайтед клубын 2:1 есебімен жеңіп, топтық кезеңде алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді, деп хабарлайды infozakon.kz.
Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Уле-Гуннар Сульшердің шәкірттері допқа иелік етіп, бірнеше қауіпті соққыларын жұмсады. Есесіне 5 минутта команда капитаны Джесси Лингард гол соғып, Манчестерді алңа шығарды. Қонақтардың мұндай жылдам қарқынына төтеп бере алмаған Роман Григорчуктің шәкірттері бірінші таймды осымен тәмамдады. Алайда үзілістен кейін елордалықтар жаңа леппен алаңға шығып, кездесудің 55 минутында таразы басын теңестірді. Гол авторы Дмитрий Шомко. Араға жеті минут салып, «Астана» командасының оң қапталдағы шабуылына төтеп бермек болған МЮ ойыншысы Бернард өз қақпасына гол соғып алды. Мұндай жағдаят орын алады дегенге екінің бірі сенбеген болар. Алайда төрешінің соңғы ысқырығына дейін есеп еш өзгермеді.
Осылайша «Астана» ФК биылғы еуро маусымында алғашқы жеңісіне осылайша қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, L тобының соңғы турында «Астана» сырт алаңда «Партизан» клубымен ойнайтын болады.
[xfvalue_img]