Медиация – тұтынушылардың құқықтарын қорғауда

Медиация – тұтынушылардың құқықтарын қорғауда

Азаматтың құқықтары бұзылғаны жиі кездеседі, бірақ ол мәселені сауатты және жылдам шешу жолын білмейді. Кей жағдайларда, ең үлкен залал болмаған жағдайда да, екі тараптың титығына жететіндей сот істері жүріп жатады. Бүкіл әлемде тұтынушылардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, білім беру саласында түрлі азаматтық жағдайларды бейбіт жолмен реттейтін әдіс табылды. Бұл медиация - белгілі бір үшінші тараптың (кеңесшінің) қатысуымен реттелетін даудың шешу әдісі. Тараптар келіспеушіліктердің реттеу шешімін өздері қабылдайды, медиатордың міндеті - өзара тиімді шешімді табуға көмектесу. Яғни, заңды күші бар қандай да бір келісімнің түріне келу.

Ал бүгін Орал қаласының №2 сотында сапасы шартқа сәйкес емес тауарды тиісті тауарға ауыстыруды міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды. Талапкер 2017 жылы жауапкер ЖК-ден жазғы саяжайына жылыжай сатып алады. Дегенмен, қардың күшіне төтеп бере алмаған бұл жылыжай 2018 жылдың қысында ішінара қирай бастайды. Кемшіліктерді жою үшін, талапкер ЖК-ге хабарлайды, соңғысы қосымша ақыға кемшіліктерді жойып, бұл жағдай қайталанбайтынына, құрылыс сенімді және алдағы уақытта жауған қар жүктемелеріне төтеп беретініне сендірді. Дегенмен, 2019 жылы 30 қаңтарында бұл жылыжай қар басымдығына шыдамай құлайды.

Талапкер бірнеше рет ЖК-дің атына тауарды ауыстыру туралы шағымдар жолдайды,  алайда жауапкер талаптарды қанағаттандырмай, оларды қараусыз қалдырды. Осыдан кейін талапкер өз құқықтарын қорғау үшін сотқа баруға мәжбүр болады.

Істің сот талқылауына алғашқы дайындығында судья-медиатор өзара тиімді шешімді табуға көмектесті, нәтижесінде тараптар сот медиациясы рәсімімен дауды реттеу туралы келісімді бекітуді сұрады. Жауапкер ЖК 2019 жылдың 31 шілдесіне дейін талапкерге жылыжайға барлық қажетті материалдарды толық көлемде тапсырады, ал талапкер жүгінген талаптарынан бас тартады.

Аталған азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

 

Орал қаласының №2 соты

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.