Құрметті салық төлеушілер!

Құрметті салық төлеушілер!

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптарының өзгеруі бөлігінде Салық кодексінің ережелері күшіне енеді.

Осылай, Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап патентті қолдану құқығы сақталатын шектелген қызмет түрлерінің тізбесі (32 қызмет түрі) енгізіледі.

Рұқсат етілген тізбеге кірмеген қызмет түрлерін атқаратын салық төлеушілерге көрсетілген салық салу режимдерінің біреуіне ауысу қажет:

оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртібі.

Патенттен басқа салық салу режиміне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлерге салық салу режимін таңдап және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз жүзінде қолданатын хабарлама тапсыру қажет. (қолданатын салық салу режімі туралы хабарлама)

Бұл ретте, осындай жеке кәсіпкерлерге хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін хабарламада таңдалған салық салу режимін көрсетіп, себебі ретінде – патентті қолдану шарттарына сәйкес келмеу күнін - 2020 жылдың 1 қаңтарын міндетті түрде көрсетуі қажет.

Аталған хабарламаны 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырмаған жағдайда, салық органдары осындай салық төлеушілерді тек қана жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыруға міндетті болады, ал осындай тәртіптен басқа шағын бизнес үшін арнаулы салық режимдеріне ауысу тек бір жылдан кейін мүмкін.

 

Кәсіпкерлердің басқа АСР қолдануға ауысу артықшылықтары

Арнаулы салық режимдерін қолданатын, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын кәсіпкерлер 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» жолдауын іске асыру мақсатында, табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.

Сонымен қатар, оңайлатылған салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату сақталған.

 

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі

Сылақ жұмыстарын; ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу және шынылау жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотография саласындағы қызметті; аударма (ауызша және жазбаша) ісін;  мүліктік жалдауға (жалға) беруді;көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді; басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;      есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;  қосалқы білім беру қызметтерін;      өнер саласындағы қызметті; компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді; ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді; үй жануарларын бағу қызмет түрлері.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.