Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде  салық заңнамасындағы өзгерістер

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бөлігінде салық заңнамасындағы өзгерістер

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2018 жылдан кейінге қалдырылған жеке кәсіпкерлермен патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану бойынша талаптардың өзгеруі бөлігінде Салық кодексінің ережелері күшіне енеді.

Өзгерістер неден тұрады

Салық кодексімен патентті қолдану құқығы сақталатын шектелген қызмет түрлері (32 қызмет түрі) жүзеге асыру кезінде енгізіледі.

Анықтама үшін. Сылақ жұмыстарын; ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын; еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды; бояу және шынылау жұмыстарын; такси қызметін; автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды; фотография саласындағы қызметті; аударма (ауызша және жазбаша) ісін;  мүліктік жалдауға (жалға) беруді;көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді; басқа да жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді; ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;      есептеуіш техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді; спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;мәдениет саласындағы білім берудің көрсетілетін қызметтерін; басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;  қосалқы білім беру қызметтерін;      өнер саласындағы қызметті; компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді; коммуникациялық жабдықты жөндеуді; жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді; шаштараз қызметтерін; маникюрді және педикюрді; ветеринариялық көрсетілетін қызметтерді; жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді; базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді; музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді; үй жануарларын бағу қызмет түрлері.

Қазіргі уақытта, қолданыстағы Салық кодексімен патентті қолдану бойынша шектеулер 12 қызмет түрі бойынша қарастырылған (жер қойнауын пайдалану, акцизделетін тауарлар өндiру, консультациялық қызметтер көрсету; сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметі және т.б.).

Осындай шектеудің негізгі мақсаты болып, бейресми еңбек қарым – қатынастарын және нақты кірістерді жасыруға жол бермеу болып табылады.

Тиісті кірістерді алу мен жалдамалы қызметкерлерді тартусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес қызмет түрлері бойынша патентті қолдануға шектеу қойылады (тәулік бойы сауда сату, азық – түлік сату, базарларда сауда жүргізу және т.б.). Кіріс мөлшері мен жалдамалы қызметкерлерді қолдану бойынша шектеулерден басқа, қызмет түрлерінің тізбесін енгізу – халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді, онда негізінен ұқсас режимдерді ұсақ қолөнершілер қолданады.

Енгізілетін ереже көлеңкелі айналымдарды төмендету мен жалдамалы қызметкерлерді заңдастыруға бағытталған.

Ағымдағы жылда патент алған 268 кәсіпкердің 55,7 % (148 953 ЖК) сауда саласы қызметіне келеді, олардың 55% астамы аталған қызметті астанада, республикалық және облыстық маңыздағы қалаларда жүзеге асырады.

Рұқсат етілген тізбеге кірмеген қызмет түрлерін атқаратын салық төлеушілерге көрсетілген салық салу режимдеріне ауысу қажет:

оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі немесе тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі;

жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті.

Басқа салық салу режимдеріне ауысу үшін қандай шара қолдану қажет

Патенттен басқа салық салу режиміне ауысу үшін, патентті қолданатын жеке кәсіпкерлер салық салу режимін таңдауды қазірден бастап ойлау қажет және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз жүзінде қолданатын салық салу режімі туралы хабарламаны тапсыру қажет.

Бұл ретте, хабарламаны дұрыс рәсімдеу үшін хабарламада таңдалған салық салу режимін көрсетіп, себебі ретінде – патентті қолдану шарттарына сәйкес келмеу күнін - 2020 жылдың 1 қаңтарын міндетті түрде көрсетуі қажет.

Аталған хабарламаны 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тапсырмаған жағдайда, салық органдары осындай салық төлеушілерді тек қана жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыруға міндетті болады, ал осындай тәртіптен басқа шағын бизнес үшін арнаулы салық режимдеріне ауысу тек бір жылдан кейін мүмкін.

 

Кәсіпкерлердің басқа АСР қолдануға ауысу артықшылықтары

 

Арнаулы салық режимдерін қолданатын, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын кәсіпкерлер 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеунің негізі» жолдауын іске асыру мақсатында, табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.

Сонымен қатар, оңайлатылған салықтық есеп жүргізу және салықтық есептілікті тапсыру, бухгалтерлік есеп жүргізуден босату сақталған.

 

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.