Қоғамдастықтың шешуші рөлі
2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-і желтоқсаны аралығында «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұранымен бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы жарияланды. Айлық шеңберінде 22-ші қараша күні сағат 15-00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» СОСО-да Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған, кең ауқымды акция өтеді.
Іс-шараға қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары және Олимпиада чемпионы, ЮНЕЙДС-тің АИТВ бойынша Қазақстандағы арнайы елшісі Бақтияр Артаев қатысады.
Кең ауқымды акцияға қаланың барлық тұрғындары шақырылады. Іс-шара барысында барлық келушілер АИТВ-ға жедел-тестіден өтуге мүмкіндік алады және 20 минут ішінде АИТВ мәртебесін біле алады. Акция аясында еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады. Сондай-ақ, сұрақ-жауап викторинасы өтеді, дұрыс жауап бергендер сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі үздік мақала иелері марапатталады.
Бүгінде қоғамдастықтардың қоғамды ақпараттандыру функциясының маңызы ерекше, себебі, бұл ЖИТС мәселесін саяси күн тәртібінде ұстауға, адам құқықтарын қорғауға және шешім қабылдаушылар мен орындаушылардың қызметін бақылауға көмектеседі.
Жалпы, эпидемия басталғалы әлемде 76 миллионнан астам адам АИТВ жұқпасын жұқтырған, олардың 35 миллионнан астамы қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласында1997 жылдан бастап 1653 АИТВ-инфекциясы тіркелді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 155 жағдай.
[xfvalue_img]