Құрметті жүргізушілер!
Ауа-райының нашарлауына және температураның төмендеуіне байланысты жолдарда барынша қырағы болуларыңызды сұраймыз.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жергілікті полиция басқармасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қар түрінде жауын-шашынның түсуіне байланысты жолдардағы жағдайдың күрделенуі туралы ескертеді. Қолайсыз ауа райының көлік жүргізу мәнеріне тікелей әсер ететіні және жоғары ілтипатты талап ететіні бәріне мәлім. Дегенмен, қардың жаууы көлік құралын басқаруды айтарлықтай қиындататынын, яғни апаттардың туындау ықтималдығы артатынын еске түсіру артық болмайды.
Сондай-ақ көрінудің шектелуін, метеорологиялық жағдайларды және автожолдың ашық учаскелерінде шквалды бүйірлік желдің екпіндерінің болуын ескеру қажет. Бұл факторлардың барлығын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер де ескеруі тиіс.
2 күннің ішінде (3-4 қараша) 90-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Құрметті жүргізушілер, жол жүру ережелерін сақтаңыздар, ауа-райының күрделі жағдайларында сақ болыңыз. Жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің нұсқамаларын орындауға және күрт маневрлерді болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және "жазғы" резеңкеде жүруге жол бермеу туралы ерекше назар аудару қажет.
Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір