назар
Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметінің басқармасы жол қозғалысының қатысушыларына ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Барлық жүргізушілерге мұқият болуға, қауіпсіз қашықтықты сақтауға, ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты жылдамдық тәртібін асырмауға шақырамыз. Тіпті жолдарда қар болмаған жағдайда да, қазіргі ауа райы жағдайында жол-көлік оқиғасына түсу қаупі бар.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізушілерге доңғалақтардың жол жабыны бар ілінісу коэффициентін арттыру үшін қысқы шиналарды ауыстыру қажет, алайда оларға толық сенудің қажеті жоқ, себебі автомобильдің тоқтау жолы шамалы ғана қысқарады. Жаяу жүргіншілерге да сақ болу керек,ол үшін жолды тек белгіленген орындарда ғана өту керек.
Көлік құралдарының жүргізушілеріне түсіністікпен қарап, қарды жинайтын техника жұмысына кедергі келтірмеу үшін көліктеріңізді жолдардың бойына қоймауларыңызды сұраймыз.
Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметінің басқармасы
[xfvalue_img]
12 пікір