ҚР Қорғаныс министрлігінің 61993 әскери бөлімі штаб батальонының командирі пара алды деп айыпталуда
Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі десанттық-шабуылдау әскерлері және Алматы гарнизонының бөлімдері бойынша ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, пара алды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 61993 әскери бөлімінің штаб батальонының командирі, майорды ұстады.
Ол штаб батальоны коменданттық взводының жүргізушісі ефрейтордан қызметтік міндеттерін орындауды жеңілдетіп, қызметте болмаған жағдайда оны жасырып, жалпы жасаған қамқорлығына 100 мың теңге сомасында параны "Kaspi Gold" банк шотына аудару арқылы алғаны үшін айыпталып отыр.
Күдіктіге қатысты процессуалдық ұстау оның кінәсін мойындауына және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізуді қолдану туралы өтінішхатына байланысты қолданылған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
22 пікір