Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары пара алды деп айыпталуда
Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Маңғыстау облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасарына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі комиссияның төрайымы бола отырып, аталған ММ-нің бөлім басшысынан жұмыс бойынша жалпы көрсеткен көмегі үшін кондиционер түрінде пара алды деген күдікке ілінді.
Осыған дейін хабарланғандай, аталған ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет шетелдік компаниялардың өкілдерінен 500-ден 1000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
[xfvalue_img]