Ассамблея жыл ішінде ауқымды істерді атқарды
«Жанұя» отбасын қолдау орталығында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Іс-шараға, ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Галина Кобзева, «Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Алтынай Тәңірбергенова, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Іс-шара мақсаты-елдегі тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік маңызы бар істердің тиянақты атқарылуына басымдық беру, алда тұрған міндеттерді нақтылап, ол бойынша тиісті шешім қабылдау.
Жиын маңызын ашып көрсеткен Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов жыл ішінде қоғамдық келісім кеңестері тарапынан ауқымды жұмыстардың атқарылғанын атап өтті. «Қоғамдық келісім кеңестері-елдегі ынтымақты, тұрақтылықты одан әрі нығайтуға аянбай атсалысып келеді. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы іргелі кәсіпорындардың өзінде қоғамдық келісім кеңестерінің құрылғанын атап өткен жөн. Олардың негізгілері, қоғамдық келісім кеңестері «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ, «Астана Су Арнасы» МКМ және «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС-інде орналасқан»,-деді сөз орайында Ю.Келигов.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығының директоры Әйгерім Тәңірбергенова қатысушыларға орталықтың жұмысы мен мүмкіндіктерін түсіндіре кетті. «Орталық ашылғалы, 4343 адам 7822 сұрақ бойынша көмекке жүгінген. Олардың 14,3 % тұрғын үй мәселесі, 49,4 % атаулы әлеуметтік көмек, ал 37 % білім, заңгердің көмегі, жұмыспен қамту және т.б. сұрақтар болып табылады. Біз әрқашан қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға әлеуметтік, заңдық, психологиялық көмек көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Ә.Тәңірбергенова.
Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Галина Кобзеваның бастамасымен елордалық ҚХА Аналар кеңесінің өзекті мәселелері талқыланды. Шара соңында сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Тел. 48 19 46 / + 7 776 266 47 37 ЖансаяИграшина
[xfvalue_img]
17 пікір