Жолдауды талқылау бойынша елордалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Жолдауды талқылау бойынша елордалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

17 тамызда «Астана Орманы» ЖШС-нің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру мақсатымен Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті. Жиынға   қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және «Астана орманы» ЖШС қызметкерлері қатысты.

Жиынды «Астана орманы» ЖШС атқарушы директоры, ҚХА Төрағасының орынбасары Юсуп Келигов ашты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арналған Жолдауында бес институционалдық реформа мен ұлт жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру туралы мәлімдеді. Мемлекет Басшысының бағдарламалық құжаты бүгінгі күннің болмысын, экономикалық жағдайды, қоғамдық көңіл - күй мен үрдістерді ескере отырып әзірленген», - деді Ю. Келигов.

Одан кейін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты Мирас Шекенов сөйледі. «ҚР Президенті Жолдауының басты ерекшелігі – қазіргі таңда еліміздің түрлі салаларындағы барлық кемшіліктерді жинақтау. Сонымен қатар, қоғамның осы салалардағы өзгертуге қатысты ұсынысын ескере отырып, туындаған мәселелерді шешу үшін атқарушы органдарға тиісті тапсырмаларды беру болып саналады», - деді депутат.

«Біздің орталықтың бірыңғай алаңында қала тұрғындары жұмыс таба алады, кәсіби оқудан өтудің мүмкіндігі де бар. Сонымен бірге, олар қалада жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй бағдарламалары туралы барлық ақпаратты ала алады және оларға қатыса алады. Жәрдемақылардың барлық түрлерін рәсімдеуге мүмкіндік жасалады әрі қамқоршылық мәселесін бекіте алады, бизнесті қалай ашу керектігін және тағы басқаларды біле алады. Баса атап өтерлік, «Жанұя» орталығында елордалық отбасыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі»,-деп түсіндірді  «Жанұя»  қолдау орталығының маманы Анэля Назырова.

 

Жиын соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Астана орманы» ЖШС ұжымы Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерінің сапалы әрі тиімді орындалатынына, Қазақстанның одан әрі дамуына жаңа серпін берелетініне  сенімдерін білдірді.

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.