Елордалық этномәдени бірлестіктер есептік концерт өткізді

Елордалық этномәдени бірлестіктер есептік концерт өткізді

Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордалық этномәдени орталықтардың «Этникалық полифония» атты есеп беру концерті өтті.

Концерттің ерекшелігі, оның фольклорлық бағытында. Бағдарлама бойынша орындалатын вокалдық және хорегографиялық қойылымдар ұлттық нақыш пен темпераментке толы болды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, әскери қызметшілер, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Этникалық полифония» шымылдығын «Ван» елордалық армян этномәдени орталығының «Наири» ансамблі «Тавих» армян биімен ашты.  Көрікті армян ұлттық киімдерінің қанық түсі, жұртшылықты таң қалдырды. Арно Бабаджанянның «Элегея» композициясын Люсинэ Макунц фортепианода асқан шеберлікпен орындады. Армян этномәдени орталығының шығармашылық ұжымы кіші топтың «Кербез қыз» биін көтеріңкі көңіл-күймен орындап, алғыс ретінде көрерменнің жаудырған ыстық ықыласы ұзаққа дейін тарқаған емес.

Екінші болып өз шығармашылығын көпшілікке «Лад» РСҚ астаналық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшелері көрсетті. Олар «Масленица» орыс дәстүрін көпшілік назарына ұсынды. Ал «Радуга» орыс әндерінің ансамблі көңілді частушкаларды шырқады. Орыстың ұлттық киімдері көз жауын алып, сахнаның сәнін келтірді.

Одан әрі көрермендер поляк музыка мәдениетінің әртүрлілігіне көз жеткізді. Сахнада Нұр-Сұлтан қаласының «Polacy» қоғамдық бірлестігі әдемі вальсті көрермендерге тарту етті. Ал «Стократка» және «Краснолютки» ансамблдері ұмытылмас, көңілді әндермен тамаша өнер көрсетті. Кеш қонақтары би билеп,  шығармашылық топпен бірге ән салды.

«Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы көрермендерді бей-жай қалдырмады. «Ялкын» және «Дуслык» ансамблі «Уфтанма», «Қаз қанаты», «Жиләкле жәй» және «Бул-бул» атты халық әндерін орындады.  Әсел Ерғалина және «Таң» татар-башқұрт орталығының көркемөнерпаздары «Сабантуй» вокалды-хореографиялық композициясымен өз өнерлерін тамаша аяқтады.

«Қырғызстан-Астана» этномәдени бірлестігінің өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, концертті әрмен қарай қырғыз тілінде жалғастырды. Мұқажанова Мадина мен Сагинбаева Замира қырғыздың «Нарындан жазган Салам кат» әнін нақышына келтіріп шырқады.

Тамаша есептік концертті «Дала өлкесі казактары» АҚБ елордалық филиалы аяқтады. «Бородино», «Қаламқас», «Ямщик, не гони лошадей!», «Казак без коня – не казак» әндері Оқушылар сарайының сахнасында орындалды. «Дала өлкесі казактарының» «Я на печке молотила» вокалды-хореографиялық композициясымен елордалық этномәдени орталықтардың есептік концерті аяқталды.

Концерт барша көрерменге мерекелік көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Жүздеріне күлкі ұялап, барлығы концерт залынан сыртқа аяндады...

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Тел. 48 19 46 / + 7 776 266 47 37 Жансая Играшина

e-mail: kguast@mail.ru

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив