Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды

Алматы облысында инвесторларды сүйемелдеу жөнінде өңірлік фронт-офис ашылды

Алматы облысы бойынша «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялар тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөнінде фронт-офис өз қызметін бастады. Бұл инвесторлар үшін елімізде арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде құрылды. Аталған орталық Алматы қаласында Желтоқсан көшесі 112 мекен жайы бойынша орналасқан.

«Бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастырылған фронт-офис жұмысы инвесторлар үшін мемлекеттік қызметтерді қолайлы алуды ғана емес, сондай-ақ, барлық рәсімдердің қолжетімділігі мен ашықтығын көздейді, мемлекеттік органдармен тиімді іс-әрекет етуге ықпал етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев.

Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар орын алады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі, оның ішінде: мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мониторингтік жүйесінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы $3,8 млрд құрайтын 34 бар. Оның ішінде 12 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 12 жоба бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде, 10 жоба өңірде іске асыру үшін пысықталу кезеңінде. Жалпы, жылдың соңына дейін 1200 жұмыс орны құрылатын 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған.

 

Анықтама үшін:

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» елдің Үкіметі атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде қатыса отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті тіркеуді, түрлі рұқсаттар мен келісімдерді алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде толық қызметтер жиынтығын қамтамасыз етеді.

 

Қазақстан Республикасы Сыртұы істер министрилігінің

баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.