Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотында фронт-офис іске қосылды
Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов «Үлгілі сот» бағдарламасын іске асыру шеңберінде іске қосылған елорданың Алматы ауданы № 2 сотының жаңа фронт-офис жұмысымен танысты.
Іс-шараға сондай-ақ Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов және Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев қатысты.
Фронт-офис мемлекеттік қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын ескере отырып, технологиялық инфрақұрылымдармен жабдықталған. Онда үш аймақ жұмыс істейді: ақпараттық орталық, кіріс кеңсе және өзіне-өзі қызмет көрсету. Мұнда сондай-ақ жасалған меморандумдар шеңберінде қызмет көрсететін медиатор мен адвокаттың кабинеттері орналасқан.
Сот жұмысының жаңа форматы ашықтықты, айқындылықты және қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ келушілердің қолайлылығы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Елорда соттары сот ісін жүргізуді жаңғырту бойынша басым міндеттерді белсенді түрде жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы «Судья көмекшісі», «Виртуалды сот», «Түнгі сот», «Соттарда бітімгерлік рәсімдері», сондай-ақ «Отбасылық сот» сияқты бірқатар негізгі пилоттық жобалар енгізілді, олар қысқа мерзім ішінде жұмыстың жағымды нәтижелері мен тұрғындар арасында оң бағаларды көрсетті.
Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап қаланың Сарыарқа аудандық сотында фронт-офис жұмыс істей бастады.
[xfvalue_img]