САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА ҚОСЫМША ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ХАБАРЛАДЫ
Лондон қор биржасы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында Қордың жетекші компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғаламдық депозитарлық қолхаттарын қосымша орналастыру өтті. Орналастыру компанияның акцияларын жедел орналастыру - Accelerated Book-Building арқылы биржалардың ережелері мен құқықтық нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылды.
Компания акцияларын сату халықаралық және отандық қор нарықтарында инвесторлардың кең ауқымын тарту арқылы ашық негізде жүзеге асырылды.
Осылайша, «Самұрық-Қазына» қоры әрқайсысы 13 АҚШ доллары бағасымен жалпы 9,8 млн депозитарлық қолхатты сатты. Акциялардың құны қор биржаларында ағымдағы нарықтық шарттарына сәйкес құрылды.
«Астана» халықаралық қаржы орталығында сатудан түскен 65,3 млн АҚШ долларын қоса алғанда сатудан түскен жалпы сома 128,8 млн АҚШ долларын құрады. 9,8 млн жаhандық депозитарлық қолхаттың 6,5 млн-ын халықаралық инвесторлар, 3,3 млн-ын ішкі инвесторлар сатып алды.
Сонымен қатар, Самұрық-Қазына ұлттық уран компаниясының AIX-дегі 5 млн құнды қағазына қарасты сұранысты қанағаттандырды, бұл шамамен 59%-ды құрайды. Сондай-ақ, 1,6 млн ЖДҚ халықаралық инвесторларға және 3,3 млн ЖДҚ ішкі инвесторларға орналастырылды, осылайша ішкі сұранысты толығымен қанағаттандырды.
Бұдан басқа, орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының кемінде 20%-ы Қазақстанның ішкі нарығында институцоналдық және бөлшек инвесторлар арасында ұсынылды.
Айта кету керек, жеке дара жаhандық үйлестіруші ретінде J.P. Morgan Securities plc ЛФБ - ға ("жаһандық үйлестіруші") орналастыруға байланысты, «Halyk Finance «Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ-на орналастыруға байланысты үйлестіруші ретінде, ЛФБ және AIX- Renaissance Securities (Cyprus) Limited орналастыруға байланысты бірлескен букраннер ретінде тартылған. Қатысқан үйлестірушілердің әрқайсысы халықаралық және қазақстандық инвесторлар үшін орналастыруды ұйымдастыруға жауапты.
Айка кеткен жөн, 2018 жылдың қараша айында IPO аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының 15%-ын орналастыру сәтті өтті. Басқа инвесторлардың қатарында Ұлттық банк БЖЗҚ портфелін 150 млн долларға депозитарлық қолхаттарын сатып алды, бұл БЖЗҚ қорына 21 млрд теңге табыс әкелді. Нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» бағалы қағаздары Ұлыбритания қаржылық бақылау басқармасының ресми тізіміне енгізілді және ЛФБ мен AIX (АХҚО) саудасына жіберілді. Орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарының бір бөлігі болып саналады.
Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
жөніндегі департаменті
[xfvalue_img]