Омбудсмен  Білім және ғылым министріне бірінші сыныпқа балаларды қабылдаудың жаңа тәртібінің енгізілуіне байланысты  үндеу хат жолдады

Омбудсмен Білім және ғылым министріне бірінші сыныпқа балаларды қабылдаудың жаңа тәртібінің енгізілуіне байланысты үндеу хат жолдады

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің атына қоғамда қызу пікірталас тудырған Қазақстанда 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап орта мектептің бірінші сыныбына 6 жастан бастап балаларды қабылдау тәртібінің енгізілуіне байланысты үндеу хат жолдады.

Үндеу хатта әлемнің көптеген елдерінде балалардың бастауыш білім алуы алты жастан басталатын халықаралық тәжірибе атап көрсетілген. Бұл осындай практикаға көші заңдылығын растайды.

Алайда, Омбудсменнің пікірінше, аталмыш жаңа енгізілімді іс жүзінде жүзеге асыру маңызды пайымдауды талап етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 – бабына сәйкес оны орындамау айыппұлдан әкімшілік қамауға дейін жазаға әкеп соғады.

Көптеген азамат үшін бұл жаңалық форсмажорлық жағдай болып табылатын атап өту қажет. Өйткені жаңа норманың күшіне енуі 2016 жылдың сәуір айында заң жүзінде қарастырылғанына қарамастан, қажетті ақпараттық-дайындық және тәжірибелік сүйемелдеу жүргізілмеген.

Жоғарыда аталған балалар ата-аналарының едәуір бөлігі алты жасар бала тиісті дайындықсыз оқу жүктемесіне психологиялық және физиологиялық тұрғыдан дайын емес деп санайды.

«Білім туралы» ҚР Заңының 30-бабы бес жастан бастап балаларға міндетті мектепалды даярлық түрінде мектепке дейінгі оқытуды белгілейді, ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылуы тиіс. Аталған мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық тегін түрде қамтамасыз етіледі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы басшылығының растауы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлықты ұйымдастыруға қатысты проблемалар болжамданбаған. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мектептердің көпшілігінде 5 жастан бастап балалардың осы дайындығы осыдан туындайтын салдарларды ескере отырып ұйымдастырылмаған. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етусіз 6 жасқа толған кезде балабақшалардан мәжбүрлеп босату жағдайлары кеңінен таралған.

Осыған байланысты ү. ж. 20 маусымдағы БҒМ басшылығының «мектепке дейінгі ұйымда немесе мектептердің мектепалды сыныптарында мектепке дейінгі дайындық үшін жағдай болмаған кезде бала отбасы жағдайында мектепке дейінгі даярлық түрінде мектепке дейінгі оқытудан өтуі тиіс» деген мәлімдемесі осындай отбасыларды туындаған мәселемен жалғыз қалдырады.

Аталмыш мәнмәтінде бірінші кезекте аз қамтылған отбасылар мен ауылдық жерлердің балалары өзіне назар аударуда. Белгілі себептермен жоғарыда көрсетілген дайындықты қамтамасыз ету тым күрделі болар.

Жалпы білім беру мектептердің толып кетуі үндеу хаттағы басқа маңызды проблема болып көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің деректері бірінші сынып оқушыларының жыл сайын тұрақты өсуі туралы куәландырады. Мәселен, 2017-2018 және                                2018-2019 жылдардағы бірінші сыныпқа тиісінше 358571 және 389897 оқушы қабылданды. Жаңа енгізілімге байланысты алдағы оқу жылында бірінші сынып оқушыларының саны айтарлықтай көбейуі мүмкін, себебі 2012 және 2013 жылдары 768409 бала дүниеге келген еді.

Өткен оқу жылында көптеп, білім беру объектілеріне қойылатын нормативтік санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып, сыныптардың толымдылығы 25 оқушыдан асты.

Ү.ж. 25 сәуірінде Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев бейінді ведомство басшысының алдына үш ауысымды оқытуды жою бойынша жұмысты аяқтау міндетін қойды. Алайда, бірінші сыныптардағы оқушылар санының ұлғаюына байланысты үш ауысымда оқытатын мектептер саны өсуі мүмкін екені анық.

Өзінің үндеу хатын қорытындылай келе Омбудсмен уәкілетті органға жалпы жағымды бастаманың іске асыру кезінде жағымсыз салдарларды болдырмауға көмектесе алатын барабар шараларды қабылдау мақсатында қалыптасып жатқан жағдайды жанжақты талдауды ұсынды. Аталмыш мәселе ол бойынша оңтайлы шешімді әзірлеу үшін БҒМ Қоғамдық кеңес шеңберінде өтетін талдау пәні болар еді.

 

 

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.