АХМЕТЖАН ЕСІМОВ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҰНАЙ ӨҢІРІНДЕ БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Атырау және Маңғыстау облыстарына жұмыс сапары барысында полипропилен зауытының құрылысымен, Қашаған кен орнының жұмысымен және Маңғыстау облысының жобаларымен танысты.
Атап айтқанда, Ахметжан Есімов Қашаған кенішіндегі теңіз кешенінің D аралында болды және объектінің ағымдағы жай-күйімен танысты. Бұрын хабарлағандай, Қашаған кен орнында күрделі жөндеуден кейінгі мұнай өндіру деңгейі күніне 400 мың баррельге жетті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 13,2 млн. тоннаға жетті, жоспар бойынша 11,3 млн. тонна өндіру болатын.
«Kazakhstan Petrochemical Industries» интеграцияланған газ-химия кешеніне барған кезде Ахметжан Есімов басшылық ауысқаннан кейінгі объектінің құрылысына оң баға берді. Қазіргі уақытта жоба 34 %-ға аяқталды, 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап 2018 жылдың 28 маусымына дейінгі кезеңде жобаны іске асыру барасы 6%-ды құрады. Қазіргі уақытта зауыттың бас жоспары мен технологиялық схемалары бекітілді. Нысан 2021 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Ахметжан Есімов Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трумовпен Қор компанияларымен өзара әрекеттесу мәселесі бойынша кездесу өткізді. Тараптар өзара әрекеттесуі және Қор жобаларының дамуын, соның ішінде қайырымдылық жобаларын талқылады. Айта кеткен жөн, Қордың портфельдік компаниялары Маңғыстау облысы бюджетінің 38%-ын құрайды.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және
маркетингтік коммуникациялар
жөніндегі департаменті
[xfvalue_img]
18 пікір