«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ЛОНДОНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМНЫҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ЛОНДОНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМНЫҢ АЯСЫНДА БІРҚАТАР КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Лондондағы Қазақстанның инвестициялық форумы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти мырзамен (Sir Suma Chakrabarti)  кездесті. Тараптар кездесу нәтижесі бойынша «ШалқияЦинк ЛТД» және ЕҚҚДБ арасында 2017 жылдың маусымында жасалған кредиттік келісімге кепілдік беру туралы келісімге қол қойды. Қор Қызылорда облысындағы Шалқия кен орнында байыту фабрикасының құрылысын қаржыландыруға тартылатын 295 млн АҚШ доллары сомасындағы міндеттемелерге кепілдік беруші болып отыр.  

«Шалқия – Қордың ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастығындағы негізгі жобалардың бірі. Еліміздің ең ірі қорғасын-мырыш кен орнында байыту фабрикасының салынуы жылына мырыш концентратында 100 мың тоннаға жуық мырышты, қорғасын концентратында 20 мың тонна қорғасынды өндіруге мүмкіндік береді», -деп атап өтті кездесу барысында Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар «ШалқияЦинк ЛТД» және Engineering Dobersek GmbH арасында кен байыту фабрикасының құрылысын толық аяқтау туралы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл Шалқия бойынша жобаны жүзеге асырудағы келесі қадамға айналып отыр. Аталған неміс компаниясы ЕҚҚДБ-нің сатып алу ережелеріне және талаптарына сәйкес өткізілген екі кезеңдік сауда-саттық қорытындысы бойынша жоба мердігерімен (Plant-Design&Build) таңдалды. Жоба құны 651 млн АҚШ долларын құрайды. Жоспар бойынша кәсіпорынның бірінші кезегі 2020 жылы іске қосылады.

«Біз ЕҚҚДБ-мен ынтымақтастықтың аясын кеңейтуге дайынбыз. Мәселен, биыл және келесі жылы жекешелендіру тізімінде 100-ден астам нысан бар. Бизнес тұрғысынан алсақ, олардың барлығы тартымды», - деді Ахметжан Есімов.

Қор басшылығы Лондондағы инвестициялық форумда британдық компанияларға «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Форумның ашылуында сөз сөйлеген Ахметжан Есімов әлеуетті инвесторларды Мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасына қатысуға және Қазақстандағы үш арнайы экономикалық аймақтың аумағында бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндігін қарастыруға шақырды. 

 

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.