Экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментімен заңсыз кәсіпкерлік қызметі туралы қылмыстық істі тоқтатуы үшін жеке фирманың басшысынан 1,7 млн. теңге сомасында пара алу фактісі бойынша облыстың мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі
Б. Мерейге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Мерей заңсыз іс-әрекет үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
Ол сондай-ақ «3-санатты біліктілік сыныбы» арнайы атағынан айырылды.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]