Қостанай облысының Федоров ауданы әкімінің орынбасары пара үшін сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен бұрын Қостанай облысының Федоров ауданы әкімінің орынбасары В. Сошниковке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.
Қазіргі таңда аталған лауазымды тұлғаға қатысты Қостанай облысының Федоров аудандық сотының үкімі күшіне енді.
В. Сошников заңсыз іс-әрекет үшін пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды және параның 30 еселеген сомасы көлеміндегі 4,5 млн. теңге сома айыппұлға тартылды. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда және холдингтерде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]