Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2019 ж. 1 тоқсанында атқарылған іс-шаралары туралы
2019 жылдың 1 тоқсанында Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,соның ішінде Салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығының бөлімі 33998 салық төлеушілерге қызмет көрсетті, өткен жылмен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 23509.
Тұтынушылардың ең көп бөлігі келесі қызметтерге, яғни «Құжаттарды қабылдау» бойынша – 11332, жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты (жер, мүлік, көлік салығы) – 15964 және «дайын құжаттарды беру» бойынша-5275 салық төлеушілер жүгінді.
Есептік кезеңде 277 984 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде электронды түрде 274 082, қағаз жүзінде қабылданғандар 3902. Аталған көрсеткіштер салық төлеушілердің электронды түрде қызмет алуға қанағаттануын көрсетеді.
Электронды түрде салық қызметтерін алудың артықшылықтарын атап өтуге болады:
- жеке уақытты үнемдеу;
- үйден шықпай-ақ салық қызметтерін алу мүмкіндігі;
- ақшалай шығындардың болмауы.
Сонымен қатар кезекті есепке алу электронды жүйесін еңгізумен қатар, салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасы мен кезек күту шарттары жақсарды. Күту залында салық төлеушілерге арналып кәсіпкерлерге толық кеңес беретін ҰКП «Атамекен» консалтингтік терезелері, ыңғайлы орындықтар, балаларға арналған ойын алаңы, су қазандығы, өзін-өзі қызмет көрсету секторы орнатылған.
[xfvalue_img]